Барлық материал
- 23 маусым 2021Жедел ақпаратДабылды ескерту «Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының хабарлауынша 24 маусымда таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз өте жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 24 маусымда күндіз найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
- 21 маусым 2021Жедел ақпаратДабылды ескерту «Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының хабарлауынша 20-22 маусымда Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, солтүстіктен соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз өте жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 20-22 маусымда кей уақытта шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, солтүстіктен соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.