Меню

Страницы

Статья

Қызылорда облысы ТЖД бастығының орынбасары брифингте сөз сөйледі  

         2021 жылдың 24 маусымында  Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қызылорда облысы ТЖД бастығының орынбасары полковник С. Молдақараев «Су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары туралы»  айтты.

  Саид Шазындаұлы: “Облыс аумағымен өтетін Сырдария өзенінің ұзындығы 1274 шақырымды құрайды. Мұнан басқа 19 ірі канал, 220 шағын каналдар және 207 көл облыс аумағында орналасқан және 64 қауіпті учаске анықталған.

2021 жылдың басынан облыс аумағындағы су айдындарында 20 жағдай тіркеліп 23 адам қаза болды. (оның ішінде 15 бала).

Облыс аумағында суға шомылуға рұқсат етілген 2 жағажай орналасқан. Атап айтқанда: (Қызылорда қаласындағы «Сыр-самалы» және Белкөл кентінде орналасқан «Абай»).

Департамент бастығының «Облыс аумағында өрт және судағы қауіпсіздік айлығын өткізу туралы» бұйрығына сәйкес, қызметкерлер күшейтілген түрде облыс аумағынан өтетін Сырдария өзені жағалауы және қала, аудан аумағында орналасқан су айдындарында тұрғындарға, әсіресе жастар мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жауапты сала мамандарын тарта отырып, (Полиция департаменті, БАҚ-өкілдері және еріктілер), 15:00-22:00-ге дейін рейд және патрульдеу іс-шаралары ұйымдастырылуда.

ТЖ департаментінің қызметкерлері мен құтқару бөлімшелерінің құтқарушылары су айдындарында, балық аулайтын орындарда 467 рейд өткізіп, 4933 адамға (487 бала) судағы қауіпсіздік ережелері бойынша түсіндіріп,  үнпарақтар таратылуда. Қазіргі таңда ҚР ӘҚБ туралы Кодексінің 364-бабы  бойынша 20 адамға ескерту шарасы көрілді.

Шомылу маусымы кезеңінде судағы төтенше жағдайларға ден қою үшін Департаменттің жедел-құтқару жасағының күштері мен құралдары (54 сүңгуір маман,18 бірлік техника, ілмелі моторлар – 16 дана, 29 жүзу құралдары: катерлер – 5 бірлік, темір қайық – 6 бірлік, пластикалық қайық – 2 бірлік, үрлемелі қайық-16 бірлік) әзірлікке келтірілді.

         Қала аумағында орналасқан 54 мектептің оқушылары мен ата-аналарының WhatsApp желісі арқылы топтары ашылып, күнделікті балалардың судағы қауіпсіздік ережелерінің талаптарын сақтауы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Онлайн режимде облыстың 263 оқушысына «Судағы (мұздағы) қауіпсіздік ережелері», «Суда (мұзда) зардап шегушілерді құтқару, алғашқы дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету тәсілдері» бойынша 13 интерактивтік сабақ өткізіліп, 64 мектептің басшылары мен мұғалімдеріне онлайн арқылы судағы қауіпсіздік ережелері  жөнінде сабақ өткізілді.

Сонымен қатар 11 брифинг, Республикалық, облыстық телеарналарда суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша 17 сөз сөйлеу, сондай-ақ баспа басылымдарында «Судағы қауіпсіздік» тақырыбында 31 мақала жарияланды. Департаменттің әлеуметтік желілеріне 29 видеоролик пен  50 мақала жарияланды.

Қала аумағында орналасқан Арай сити молл сауда орталығы,Жаңа базар және Ескі базарларға күнделікті дауысзорайтқыштары арқылы түсіндірме  жұмыстары  жүргізілуде.

Жыл басынан облыс аумағында жазғы суға шомылу маусымына байланысты  суға шомылуға тыйым салынғаны туралы 170 тақтайша мен 78 билборд пен стендтер орнатылды”.

Брифинг соңында журналистердің сұрақтарына да жауап берілді.

Қызылорда облысы ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы

Дата публикации
24 июня 2021
Дата обновления
24 июня 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
30 сентября 2026
ҚР ТЖМ Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының және орынбасарларының 2026 жылдың IV тоқсанында жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі
Хабарлама
22 сентября 2026
Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы
Жедел ақпарат
27 марта 2026
Ескерту  

Социальные медиа

Instagram
twitter
facebook
Vkontakte
telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы