2021 жылдың 15 маусымында Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қызылорда облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы майор Асхат Тоғызбаев«Суға түсу маусымына дайындық жұмыстары және қауіпсіздік шаралары туралы», Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бастығының міндетін атқарушы азаматтық қорғау майоры Бейбітхан Спанов «Терезеден баланың құлауын болдырмау туралы» айтты.
Асхат Талантұлы: «Облыс аумағымен өтетін Сырдария өзенінің ұзындығы 1274 шақырымды құрайды. Мұнан басқа 19 ірі канал, 220 шағын каналдар және 207 көл облыс аумағында орналасқан және 64 қауіпті учаске анықталған.
2021 жылдың басынан облыс аумағындағы су айдындарында 16 жағдай тіркеліп 19 адам қаза болды. (оның ішінде 13 бала).
Облыс аумағында суға шомылуға рұқсат етілген 2 жағажай орналасқан. Атап айтқанда: (Қызылорда қаласындағы «Сыр-самалы» және Белкөл кентінде орналасқан «Абай»).
Департамент бастығының «Облыс аумағында өрт және судағы қауіпсіздік айлығын өткізу туралы» бұйрығына сәйкес, қызметкерлер күшейтілген түрде облыс аумағынан өтетін Сырдария өзені жағалауы және қала, аудан аумағында орналасқан су айдындарында тұрғындарға, әсіресе жастар мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жауапты сала мамандарын тарта отырып, (Полиция департаменті, БАҚ-өкілдері және еріктілер), 15:00-22:00-ге дейін рейд және патрульдеу іс-шаралары ұйымдастырылуда.
ТЖ департаментінің қызметкерлері мен құтқару бөлімшелерінің құтқарушылары су айдындарында, балық аулайтын орындарда 375рейд өткізіп, 4166 адамға (454 бала) судағы қауіпсіздік ережелері бойынша түсіндіріп, үнпарақтар таратылуда. Қазіргі таңда ҚР ӘҚБ туралы Кодексінің 364-бабы бойынша 17 адамға ескерту шарасы көрілді.
Шомылу маусымы кезеңінде судағы төтенше жағдайларға ден қою үшін Департаменттің жедел-құтқару жасағының күштері мен құралдары (54 сүңгуір маман,18 бірлік техника, ілмелі моторлар – 16 дана, 29 жүзу құралдары: катерлер – 5 бірлік, темір қайық – 6 бірлік, пластикалық қайық – 2 бірлік, үрлемелі қайық-16 бірлік) әзірлікке келтірілді.
Қала аумағында орналасқан 54 мектептің оқушылары мен ата-аналарының WhatsApp желісі арқылы топтары ашылып, күнделікті балалардың судағы қауіпсіздік ережелерінің талаптарын сақтауы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Онлайн режимде облыстың 263 оқушысына «Судағы (мұздағы) қауіпсіздік ережелері», «Суда (мұзда) зардап шегушілерді құтқару, алғашқы дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету тәсілдері» бойынша 7 интерактивтік сабақ өткізіліп, 64 мектептің басшылары мен мұғалімдеріне онлайн арқылы судағы қауіпсіздік ережелері жөнінде сабақ өткізілді.
Сонымен қатар 9 брифинг, Республикалық, облыстық телеарналарда суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша 9 сөз сөйлеу, сондай-ақ баспа басылымдарында «Судағы қауіпсіздік» тақырыбында 30 мақала жарияланды.Департаменттің әлеуметтік желілеріне 28видеоролик пен 43 мақала жарияланды.
Қала аумағында орналасқан Арай сити молл сауда орталығы,Жаңа базар және Ескі базарларғакүнделікті дауысзорайтқыштары арқылытүсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Жыл басынан облыс аумағында жазғы суға шомылу маусымына байланысты суға шомылуға тыйым салынғаны туралы 165 тақтайша мен 78 билборд пен стендтер орнатылды.
Бейбітхан Оразайұлы: «Облысымызда ауа райының жылынуы мен күрт ысуына байланысты балалардың ата-аналарының қарауынсыз қалуында көпқабатты тұрғын үйлердің терезелерінен, балкондарынан құлап кету жағдайлары көбеюде. Ата-аналардың немқұрайлы қарауы себебінен жыл басынан бүгінгі күнге дейін облыста 6 бала терезеден құлаған. (Шиелі ауданында -1, Қызылорда қаласында - 5). Балалардың терезеден құлау фактісінің басты себебі: ата-аналардың балаларды бақылаусыз қалдыруы, терезеде уақытша бекіткіш торлардың болмауы, москит торларының берік бекітілмеуінен және балалардың терезе алдында ойнауынан болып отыр».
Брифинг соңында қатысушылардың сұрақтарына да жауап берілді.
Қызылорда облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы