Жиі қойылатын сұрақтар

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 11 тамыздағы № 403 бұйрығына (бұдан әрі – бұйрық) (https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2300033291) сәйкес, квота шегінде педагогикалық, медициналық, ветеринариялық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша оқуға түскен ауыл жастары қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары жоғары оқу орнын (бұдан әрі – ЖОО) бітіргеннен кейін кемінде үш жыл жұмыспен өтеуге міндетті.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде педагогикалық және медициналық мамандықтар бойынша білім алған Қазақстан Республикасының азаматтары ЖОО-ны бітіргеннен кейін тиісінше білім беру ұйымдарында, денсаулық сақтау ұйымдарында немесе денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдарда кемінде үш жыл жұмыспен өтейді.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде басқа мамандықтар бойынша білім алған Қазақстан Республикасының азаматтары ЖОО-ны бітіргеннен кейін кемінде үш жыл жұмыспен өтеуге міндетті.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде философия докторы (PhD) және бейіні бойынша доктор бағдарламалары бойынша докторантураға оқуға түскен Қазақстан Республикасының азаматтары ЖОО-ны бітіргеннен кейін кемінде үш жыл жұмыспен өтеуге міндетті.

Квота шегінде педагогикалық, техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша оқуға түскен ауыл жастары қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары ЖОО-ны бітіргеннен кейін кемінде екі жыл жұмыспен өтеуге міндетті.

Заңның 17.2-бабының тармағында көзделген жұмыспен өтеу міндетінен босату жас мамандарды дербес бөлу жөніндегі комиссияның шешімімен жүзеге асырылады.

Бюджет қаражаты есебінен жұмсалған шығыстарды өтеу іс жүзінде жұмыспен өтелген кезеңге мөлшерлес жүзеге асырылады.

Тұлғалардың жұмыспен өтеу жөніндегі міндеттерін орындауын немесе жұмыспен өтелмеген жағдайда бюджет қаражаты есебінен жұмсалған шығыстарды өтеу жөніндегі міндеттерін сақтауына мониторинг пен бақылауды қамтамасыз ету «Қаржы орталығы» АҚ-ға жүктеледі.

Мысалы, егер жас маман оқуын аяқтағаннан кейін бір жылдан соң магистратураға оқуға түссе, ол жұмыспен өтеу міндетінен босатылмайды. Бұйрықтың 37-тармағына сәйкес, оқуға бюджет қаражаты есебінен жұмсалған шығыстар «Қаржы орталығы» арқылы бюджетке қайтарылуға жатады.