Жиі қойылатын сұрақтар

Дипломның телнұсқасын беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет болып табылады және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 10 ақпандағы № 47 бұйрығымен реттеледі (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300031894#z66).

Дипломның және оның қосымшасының телнұсқасы құжат жоғалғанда, бүлінгенде, немесе тегі, аты, әкесінің атын өзгерткен кезде беріледі.

Егер азамат жеке деректерін өзгертсе немесе бүлінген дипломды ауыстырғысы келсе, ол ескі құжаттың түпнұсқасын тапсыруы қажет.

Өтінішті екі тәсілмен беруге болады:

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – ХҚКО) арқылы.

Бұл жағдайда жоғары оқу орны (бұдан әрі – ЖОО) дайын телнұсқаны өтініш берілген сол ХҚКО-ға жібереді. Электрондық үкімет порталы www.egov.kz (бұдан әрі – Портал) арқылы.

Мемлекеттік қызметті алу үшін порталға сілтеме: https://egov.kz/cms/kk/services/secondary_school/pass-mon212-214. 

Бұл кезде өтініш берушіге телнұсқа дайын екені туралы хабарлама келеді, ал құжатты өзі оқыған ЖОО-дан алады.

Мысалы, Әлия жоғары білім туралы дипломын жоғалтып алды. Ол жақын жердегі ХҚКО-ға барып, телнұсқа алу үшін өтініш береді. ЖОО дипломның телнұсқасын дайындап, Әлия өтініш берген ХҚКО-ға жібереді. Әлия сол жерге барып, дипломның телнұсқасын алады.