ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментімен 2024 жылдың 5 қарашасында «Adilmedicina үздіксіз кәсіби даму орталығы» ЖШС-мен ұйымдастырылған «Медициналық көмектің барлық кезеңдерінде денсаулық сақтауды ұйымдастырудың заманауи үрдістері. Медицина қызметкерлерінің іс-әрекетінде пациентке бағдарлану. Медицинадағы зерттеу (зертханалық, функционалдық, сәулелік) және сараптама (сыртқы, ішкі, тәуелсіз, криминалистикалық) – тиімділік, сапа» тақырыбында I Халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференцияға қатысып, «Кәсіби біліктілік туралы. Денсаулық сақтау саласындағы сараптама түрлері және медициналық көмек сапасының индикаторлары» тақырыбында баяндама оқылды.