Дәріхана ұйымдарында дәрілік заттарды таңбалау және оларды қадағалау ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті 2025 жылғы 6-8 қаңтарда аралығында дәрілік заттарды бөлшек саудада сатуды жүзеге асыратын дәріхана ұйымдарының өкілдерімен семинар – кеңестер өткізді. Семинар кеңесте таңбаланған тауарларды электрондық құжаттау орталығы жүйесінде құжаттарды қабылдау, қабылдамау және дәрілік заттарды өткізу айналымынан шығару туралы мәселе бойынша түсіндірмелер берілді. Таңбаланған дәрілік заттардың қабылдауы және шығару туралы ақпараттық жүйелердің жұмысы бойынша мәселелер талқыланды.