Жиі қойылатын сұрақтар
Қызылша - ауа-тамшылы жолмен жұғатын жұқпалы ауру. Вирус адамғатыныс алу, жөтелу, түшкіру және сөйлеу кезінде жұғады.
Қызылшамен ауырған кезде дене қызуының көтерілуі,жалпы әлсіздік, бас ауруы, жөтел, мұрын бітуі, жарықтан қорқу, көздің қызаруы, жас ағу (конъюнктивит), тамақтың ауыруы және бөртпе шығатын жұқпалы ауру.
Қызылша пневмония (өкпенің қабынуы), бронхит, энцефалит (ми қабығының қабынуы) сияқты асқынулармен қауіпті, олар медициналық көмекке кеш жүгінгенде және ауыр қосымша аурулар болған жағдайда өлімге әкелуі мүмкін.
Қызылшаны емдеудің тиімді және ерекше әдісі жоқ.
Қызылшадан қорғанудың жалғыз тиімді жолы - вакцинация болып табылады.
Қазақстанда қызылшаға қарсы егу екі рет жүргізіледі: біріншісі 1 жаста және екіншісі 6 жаста. Қызылшаға қарсы вакцинациялау үшін қызамық және паротитті компоненттермен біріктірілген (ҚҚП) қауіпсіз және тиімді вакцина қолданылады.
Есіңізде болсын, ауруды емдеуден гөрі алдын алу әрқашан оңай!Вакцинация болмаған жағдайда - қызылшаға қарсы профилактикалық егуді алуға кеңес береміз!
Эхинококкоз– адамның бауырын, өкпесін және басқа органдарын зақымдайтын құрт ұрықтарының түсуінен пайда болатын паразитарлық ауру.Көзге әрең көрінетін жылауық құртының ұзындығы 2 мм-ден 1 см-ге дейін болады. Аурукөбінесе адамғааңдар мен ауыл шаруашылығы малдарынан және ит - мысықтардан жұғады,құрт ұрықтары жануарлардың аш ішегінде өсіп өнеді де, олардың дәреті арқылы суды, шөпті, жерді ластап, қоршаған ортада ұзақ уақыт сақталады.
Бұл құрттар адамға аң терілерін пайдаланғанда, ит пен мысықты ұстағанда қолға жабысады да қолды жумай тамақ ішкенде, көлдер мен өзен суларын қайнатпай ішкенде, ауру жұқтырған жануарлар болған бақшалардан жуылмаған жидектер мен көкөністерді пайдалану кезінде адамға жұғады.
Эхинококкоз ауруының алғашқы белгілері: әлсіздік, тез шаршағыштық, бас ауруы, теріде қызыл дақ түрінде ұсақ бөртпелердің пайда болуы, дене қызуының көтерілуі.
Эхинококкоз ауруының емі – ота жасау жолымен ғана жүзеге асады.
Аса қауіпті зоонозды табиғи ошақты карантиндік жұқпалы ауру.
1) ғылыми-зерттеу ұйымдарының, зертханалардың қызметкерлеріне, оның ішінде сынама алуды жүргізетін, виварийлер, құтыру қоздырғышының болуына зерттеу жүргізетін және жануарлармен жұмыс істейтін ұйымдар мен мекемелердің персоналына;
2) қараусыз қалған жануарларды аулау және ұстау бойынша жұмысты орындайтын адамдарға;
3) аңшылық және орман шаруашылығы органдарының қызметкерлеріне, қорықшыларға, мал сою орындарының (алаңдарының) жұмыскерлеріне, таксидермистерге, кинологтарға және құтырумен ауыратын жануарлармен ықтимал қарым-қатынас тәуекелі бар адамдарға;
4) құтырумен ауыратын науқасқа парентеральды араласуды жүргізуге қатысатын денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлеріне және патологоанатомдарға жүргізеді.
Халық арасында өлім-жітімнің және (немесе) мүгедектенудің көп болуымен жаппай өршуді тудыра отырып, үлкен аумақтарға тез таралатын және адамдардың көпшілігін зақымдайтын (эпидемиялық өршулер мен эпидемиялар), жануарлардан және адамнан адамға берілуге қабілетті аурулар.
Егер жарамдылық мерзімі өткен тауарларды сату адамдардың жаппай ауруына немесе улануына әкеп соқпаса не қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, жарамдылық мерзімі өтіп кеткен тауарларды сатушы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 425-бабы бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жауаптылыққа тартылуы мүмкін. Егер мерзімі өткен тауарларды сату нәтижесінде адамдардың жаппай ауруы, жұқтыруы, сәулеленуі немесе улануы немесе олардың өлімі орын алса, онда бұл Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 304-бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.
Иә, "Қоғамдық тамақтандыру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық ережесіне сәйкес 17.02.2022 жылғы ДСМ-16 т.190т.т.6 "Шаруашылық жүргізуші субъект, оның ішінде тамақтану объектісінің меншік иесі (иесі): санитариялық тораптарды (дәретханаларды) жеке гигиена құралдарымен (сұйық сабын, антисептиктер, дәретхана қағазы) жарақтандыруды, олардың тұрақты болуын қамтамасыз етеді".
Балаларға бұндай ойыншықтармен ойнауға болмайды, зиянды. «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентіне сәйкес (КО ТР 008/2011) ойыншықтардың қорғаныш-сәндік жабыны ылғалды өңдеуге, сілекей мен тердің әсеріне тұрақты болуы тиіс. Нарықта айналымға шығарар алдында ойыншықтар Кеден одағының осы Техникалық регламентінің қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растаудан өтуі тиіс. Ойыншықтарды сатып алмас бұрын сол өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжатын талап етуге құқылысыз.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2022 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-2 бұйрығымен бекітілген «Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету көздері болып табылатын объектілердің айналасында СҚА белгіленеді. Санитариялық-қорғаныш аймағы дегеніміз арнайы мақсаттағы аймақтарды, сондай-ақ елді мекендегі өнеркәсіптік ұйымдар мен басқа да өндірістік, коммуналдық және қоймалық объектілерді жақын маңдағы қоныстану аумақтарынан, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстардан оларға қолайсыз факторлардың әсерін бәсеңдету мақсатында бөліп тұратын аумақ.Объектілердің қауіптілік сыныбына байланысты өлшемдері көзделген:
1) қауіптіліктің I сыныбындағы объектілер 1000 метрден (бұдан әрі – м) және одан жоғары;
2) қауіптіліктің IІ сыныбындағы объектілер 500 м-ден 999 м-ге дейін;
3) қауіптіліктің III сыныбындағы объектілер 300 м-ден 499 м-ге дейін;
4) қауіптіліктің IV сыныбындағы объектілер 100 м-ден 299 м-ге дейін;
5) қауіптіліктің V сыныбындағы объектілер 50 м-ден 99 м-ге дейін.
Адам денсаулығы мен өмірін сақтау мақсатындасанитариялық-қорғаныш аймағы мен санитариялық ажыраулардың өлшемдері сақталу қажет.
Зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлерге медициналық тексерулер жүргізудің талаптары ҚазақстанРеспубликасыДенсаулықсақтауминистрініңм.а. 2020 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ-131/2020 бұйрығыменбекітілген «Міндетті медициналық қарап-тексерулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ оларды жүргізу тәртібі мен мерзімділігін, зертханалық және функционалдық зерттеулердің көлемін, медициналық қарсы көрсетілімдерді, зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың, жұмысқа орналасқан кезде орындау кезінде міндетті алдын ала медициналық қарап-тексерулер және мерзімдік міндетті медициналық қарап-тексерулер жүргізілетін кәсіптер мен жұмыстардың тізбесін және "Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексерулерден өткізу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында көрсетілген. Медициналық тексерулерді арнайы лицензия алған және кәсіби патологтары, специализациядан өткен мамандары бар емдеу-сауықтыру мекемелері жүргізе алады.