Жиі қойылатын сұрақтар
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 3 қарашадағы ҚР ДСМ-126 бұйрығымен «Денсаулық сақтау саласында дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету түрі жаңадан қосылды. Бұл мемлекеттік қызмет түрі 2024 жылдың 1-ші шілдесінен бастап Департаментпен көрсетілетін болады.
Эпидемиялық мәні жоғары объектілерге және жобаларға санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру -10 жұмыс күні,
Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсатты және оған қосымшаны
беру- 13 жұмыс күні
Маман сертификатын беру-10 жұмыс күні
Өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру-15 жұмыс күні
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығымен реттелген.
Сонымен қатар осы бұйрыққа Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 3 қарашадағы ҚР ДСМ-126 бұйрығымен өзгерістер мен толықтыру енгізілді.
"Денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауды жүргізу, шетелдік мамандарды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының қолданысын растау қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде медициналық білім алған адамды денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауға жіберу шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-274/2020 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 27 қаңтардағы № 18 бұйрығы.
- Эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық
саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру
(мемлекеттік қызметті аумақтық басқармалар көрсетеді)
- Қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті
шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғаныш аймақтары бойынша нормативтік құжаттама жобаларының, шикізат пен өнімнің жаңа түрлерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру (мемлекеттік қызметті Департамент және аумақтық басқармалар көрсетеді)
3.Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектісіне есепке алу нөмірін беру (мемлекеттік қызметті аумақтық басқармалар көрсетеді)
4.Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсатты және оған қосымшаны
беру (мемлекеттік қызметті санэпидбақылау Департаменті көрсетеді)
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы маман сертификатын беру (мемлекеттік қызметті санэпидбақылау Департаменті көрсетеді)
- Өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру (мемлекеттік қызметті ҚР ДСМ санэпидбақылау Комитеті көрсетеді)
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы №ҚР ДСМ-76 бұйрығының 7-тарау 119-тармақшасына сәйкес мектеп асханаларында газдалған сусындар мен фаст-фудтарды сатуға болмайды.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 9 шілдедегі "Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы № ҚР ДСМ-59 бұйрығының 7-тарау 102-тармақшасына сәйкес балабақша басшысы бекіткен перспективтік маусымдық (жаз-күз, қыс-көктем) екі апталық мәзір жасалады, санитариялық-қадағалау басқармасынан келісім қажет етілмейді.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы №ҚР ДСМ-76 бұйрығының 8-тарау 124-тармақшасына сәйкес мектеп асханаларында өндірістік бақылау ұйымдастырылып, жүргізіледі. Өндірістік бақылау кезінде жеке кәсіпкерлер аккредиттелген зертханалармен келісім шарт жасау арқылы жүргізілед. Жеке кәсіпкер ай сайын немесе квартал сайын асханада дайындалатын тағамдардың сапасын, қауіпсіздігін лабортаориялық зерттеулер арқылы қадағалап отырады.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының35-бабы 20-шы тармақшасында сәйкес, елдімекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру, 0аладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің құзыретіне жатады.
Ауыз судың сапасын бақылау мақсатында облыста зертханалық мониторинг жүйесі енгізілді, оған сәйкес ауыз су бақылау нүктелерінен кесте сай ай сайын бактериологиялық, санитариялық – химиялық, паразитологиялық, вирусологиялық және радиологиялық көрсеткіштерге зерттеулер жүргізіледі. Облыс бойынша эпидемиологиялық маңызы бар нысандарда 380 бақылау нүктелері бар. (Ақтау қаласы – 72, Жаңаөзен қаласы – 104, Түпқараған ауданы – 20, Қарақия ауданы – 11, Маңғыстау ауданы – 20, Бейнеу ауданы – 28, Мұнайлы ауданы - 125).
Жұқпалы ішек аурулары – жеке бас тазалығын және қоғамдық орындарда санитариялық –гигиеналық шараларды сақтамаған кезде жұғады. Ауру ластанған тұрмыстық заттар, ойыншықтар, емізік, лас қолдар арқылы, дұрыс өңделмеген, сапасыз тағам өнімдерін қолданған кезде, қайнамаған су ішкен және дұрыс жуылмаған жеміс- жидектер арқылы жұғуы мүмкін.
Аурудың клиникалық белгілері: дене қызуының көтерілуі, әлсіздік, тәбеттің нашарлауы, бастың айналуы және ауыруы, жүрек айну, құсу, іш өту, іштің кебуі және бүріп ауыруы, мазасыздану, шөлдеу.
Сондықтан, егер өзіңіз немесе балаңыз ауырып қалып, бұл белгілер болса, өздігіңізбен емделмей дереу дәрігерге қаралыңыз!