Онлайн қабылдау
Электрондық өтініштер
Осы сервистің көмегімен кез келген мемлекеттік органға өтініш жазуға болады. Жүйе Сіздің өтінішіңіздің мекен жайға жетуіне 100% кепілдік береді және оны жіберу кезеңінен бастап жауапты алуға дейін өтінішті қарау мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді.
Қабылдауға жазылу
Халықпен кері байланыс орнату, анықталған мәселелерге уақытылы ден қою және қабылданған шаралар мен бастамаларды тиімді басқару үшін көмек береді. Сондықтан осы бетте Сіздің сұрағыңызды талқылау үшін бізбен жедел байланыс орнатуға мүмкіндік беретін сервистер жинақталды. Мұнда Сіз электрондық өтініш жазуға, мемлекеттік органның бірінші басшысының блогына сұрақты жолдауға және оған немесе оның орынбасарына жеке қабылдауға жазыла аласыз.
Жиі қойылатын сұрақтар
Барлығын көруҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2022 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-2 бұйрығымен бекітілген «Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету объектілері болып табылатын объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету көздері болып табылатын объектілердің айналасында СҚА белгіленеді. Санитариялық-қорғаныш аймағы дегеніміз арнайы мақсаттағы аймақтарды, сондай-ақ елді мекендегі өнеркәсіптік ұйымдар мен басқа да өндірістік, коммуналдық және қоймалық объектілерді жақын маңдағы қоныстану аумақтарынан, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстардан оларға қолайсыз факторлардың әсерін бәсеңдету мақсатында бөліп тұратын аумақ.Объектілердің қауіптілік сыныбына байланысты өлшемдері көзделген:
1) қауіптіліктің I сыныбындағы объектілер 1000 метрден (бұдан әрі – м) және одан жоғары;
2) қауіптіліктің IІ сыныбындағы объектілер 500 м-ден 999 м-ге дейін;
3) қауіптіліктің III сыныбындағы объектілер 300 м-ден 499 м-ге дейін;
4) қауіптіліктің IV сыныбындағы объектілер 100 м-ден 299 м-ге дейін;
5) қауіптіліктің V сыныбындағы объектілер 50 м-ден 99 м-ге дейін.
Адам денсаулығы мен өмірін сақтау мақсатындасанитариялық-қорғаныш аймағы мен санитариялық ажыраулардың өлшемдері сақталу қажет.
Қызылша - ауа-тамшылы жолмен жұғатын жұқпалы ауру. Вирус адамғатыныс алу, жөтелу, түшкіру және сөйлеу кезінде жұғады.
Қызылшамен ауырған кезде дене қызуының көтерілуі,жалпы әлсіздік, бас ауруы, жөтел, мұрын бітуі, жарықтан қорқу, көздің қызаруы, жас ағу (конъюнктивит), тамақтың ауыруы және бөртпе шығатын жұқпалы ауру.
Қызылша пневмония (өкпенің қабынуы), бронхит, энцефалит (ми қабығының қабынуы) сияқты асқынулармен қауіпті, олар медициналық көмекке кеш жүгінгенде және ауыр қосымша аурулар болған жағдайда өлімге әкелуі мүмкін.
Қызылшаны емдеудің тиімді және ерекше әдісі жоқ.
Қызылшадан қорғанудың жалғыз тиімді жолы - вакцинация болып табылады.
Қазақстанда қызылшаға қарсы егу екі рет жүргізіледі: біріншісі 1 жаста және екіншісі 6 жаста. Қызылшаға қарсы вакцинациялау үшін қызамық және паротитті компоненттермен біріктірілген (ҚҚП) қауіпсіз және тиімді вакцина қолданылады.
Есіңізде болсын, ауруды емдеуден гөрі алдын алу әрқашан оңай!Вакцинация болмаған жағдайда - қызылшаға қарсы профилактикалық егуді алуға кеңес береміз!
Иә, "Қоғамдық тамақтандыру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық ережесіне сәйкес 17.02.2022 жылғы ДСМ-16 т.190т.т.6 "Шаруашылық жүргізуші субъект, оның ішінде тамақтану объектісінің меншік иесі (иесі): санитариялық тораптарды (дәретханаларды) жеке гигиена құралдарымен (сұйық сабын, антисептиктер, дәретхана қағазы) жарақтандыруды, олардың тұрақты болуын қамтамасыз етеді".
Аса қауіпті зоонозды табиғи ошақты карантиндік жұқпалы ауру.
Эхинококкоз– адамның бауырын, өкпесін және басқа органдарын зақымдайтын құрт ұрықтарының түсуінен пайда болатын паразитарлық ауру.Көзге әрең көрінетін жылауық құртының ұзындығы 2 мм-ден 1 см-ге дейін болады. Аурукөбінесе адамғааңдар мен ауыл шаруашылығы малдарынан және ит - мысықтардан жұғады,құрт ұрықтары жануарлардың аш ішегінде өсіп өнеді де, олардың дәреті арқылы суды, шөпті, жерді ластап, қоршаған ортада ұзақ уақыт сақталады.
Бұл құрттар адамға аң терілерін пайдаланғанда, ит пен мысықты ұстағанда қолға жабысады да қолды жумай тамақ ішкенде, көлдер мен өзен суларын қайнатпай ішкенде, ауру жұқтырған жануарлар болған бақшалардан жуылмаған жидектер мен көкөністерді пайдалану кезінде адамға жұғады.
Эхинококкоз ауруының алғашқы белгілері: әлсіздік, тез шаршағыштық, бас ауруы, теріде қызыл дақ түрінде ұсақ бөртпелердің пайда болуы, дене қызуының көтерілуі.
Эхинококкоз ауруының емі – ота жасау жолымен ғана жүзеге асады.