Айыртау ауданына жұмыс сапары барысындағы сөз сөйлеу

Айыртау ауданына жұмыс сапары барысындағы сөз сөйлеу

Анықтама Айыртау ауданы бойынша білім сапасы және 2025 ББЖМ нәтижелері туралы

 Айыртау ауданының білім беру ұйымдарында 2025-2026 оқу жылы ішінде білім алушылардың білім сапасының оң динамикасы байқалады.

Қорытындысы бойынша:

  • 1 тоқсан білім сапасы 57% құрады; (облыс-51%)
  • 2 тоқсан-59%;(+2)(облыс-54,9%)
  • 3 тоқсан-60%.(+1)(облыс-56,8%)

Көрсеткіштің өсуі оқыту сапасы мен білім беру процесінің тиімділігін арттыру бойынша педагогикалық ұжымдардың жүйелі жұмысын көрсетеді.

ББЖМ-2025 нәтижелерін талдау

Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингіне ауданның жалпы 170 оқушыны қамтитын 7 мектебі қатысты, оның ішінде:

  • 4 сынып-79 оқушы;
  • 9 сынып-91 оқушы.

ББЖМ қорытындысы бойынша 4 сынып оқушылары арасында дұрыс орындалған тапсырмалардың орташа пайызы 62,6% құрады.

Бағыттар бойынша көрсеткіштер келесідей бөлінді:

  • оқу сауаттылығы-50,6%;(СҚО-58,9%, ҚР–53,9%)
  • жаратылыстану сауаттылығы-52,9%;(СҚО-61,3%, ҚР–50,9%)
  • математикалық сауаттылық-56,5%.(СҚО-71,6%, ҚР-71,5%)

9-сынып оқушылары арасында дұрыс орындалған тапсырмалардың орташа пайызы 39,2% құрады, бұл негізгі орта білім беру деңгейінде даярлық сапасын арттыру бойынша жұмысты күшейту қажеттігін көрсетеді.

Бағыттар бөлінісінде:

  • математикалық сауаттылық-40,9%;(СҚО-49,8%, ҚР–52,9%)
  • оқу сауаттылығы-50,4%;(СҚО-57,6%, ҚР–60,1%)
  • жаратылыстану сауаттылығы-33,4%.(СҚО-41,9%, ҚР-46,1%)

Нәтижелер 9-сынып оқушыларының жаратылыстану-ғылыми және математикалық сауаттылығы бойынша ең төмен көрсеткіштердің байқалатынын көрсетеді,бұл осы бағыттарды оқытуды жетілдіру бойынша қосымша шаралар қабылдаудыталап етеді.

Қорытындылар: жалпы аудан бойынша білім сапасының оң динамикасы байқалады. Сонымен қатар, ББЖМ нәтижелері математикалық және жаратылыстану бағыттарына баса назар аудара отырып, әсіресе 9-сынып деңгейінде білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша жұмысты күшейту қажеттігін айғақтайды.

Анықтама Айыртау ауданының білім беру ұйымдарын 2025 жылы мемлекеттік аттестаттаудан өткізу нәтижелері туралы

2025 жылға арналған мемлекеттік аттестаттауды өткізу жоспарына сәйкес, Айыртау ауданында 19 білім беру ұйымы аттестаттаудан өтуі тиіс болатын.

Жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша 3 мектеп – 15,8% (Саумалкөл қазақ орта мектебі, Лавров орта мектебі, Антонов орта мектебі) мемлекеттік аттестаттаудан бірінші реттен өтті.

14 білім беру ұйымы қайта аттестаттау кезінде қойылатын талаптарға сәйкестігін растады, бұл 2025 жылдың мамыры мен 2026 жылдың наурызы аралығында бұрын анықталған бұзушылықтарды жою бойынша жұмыс жүргізілгенін көрсетеді.

2 мектепте (Аксенов орта мектебі, Арықбалық орта мектебі) қайта мемлекеттік аттестаттау 2026 жылдың мамыр айына жоспарланған.

Аттестатталатын мектептердің 4, 9-сынып оқушылары кешенді тестілеуден өтті, алайда кешенді тестілеу нәтижелері бойынша білім сапасы төмен деңгейде қалып отыр: 4-сыныпта көрсеткіш 25,8%-ды, 9-сыныпта 23,8%-ды құрады.

Бұл оқушылардың оқу материалын меңгеру деңгейінің жеткіліксіздігін және білім беру процесінің сапасын арттыру бойынша қосымша шаралар қабылдау қажеттілігін білдіреді.

Қорытынды: Мемлекеттік аттестаттау нәтижелері аудан мектептерінің көпшілігі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ететінін көрсетеді. Дегенмен, аттестаттаудан тек қайтадан өткен мектептердің болуы білім беру процесінің сапасын және нормативтік талаптардың сақталуын бақылауды одан әрі күшейту қажеттілігін көрсетеді.