Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ж.Р. Жұмағұловтың төрағалығымен «2026 жылғы жазғы сауықтыру науқанына дайындық барысы туралы» тақырыбында балалардың демалысы мен сауықтырылуын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі облыстық өңірлік ведомствоаралық штабтың отырысында сөз сөйлеу
Құрметті мәжіліске қатысушылар!
Солтүстік Қазақстан облысының балалардың демалыс орталықтары мен қосымша білім беру ұйымдарын лицензиялау және олардың қызметін ұйымдастыру талаптары бойынша ақпаратты баяндауға мүмкіншілік бергеніңіз үшін алғысымды білдіремін.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 27 ақпандағы №473 бұйрығына сәйкес, балаларға арналған ұйымдар екі негізгі бағытқа бөлінеді:
- бірінші – лицензиялауға жатпайтын қосымша білім беру ұйымдары (стационарлық: балалар күндізгі болу режимінде, стационарлық емес (көшпелі): балалар күндізгі және тәулік бойы болу режимінде )
- екінші – лицензиялауға жататын қосымша білім беру ұйымдары (жыл бойы және маусымдық жұмыс істейтін қосымша білім беру ұйымдары).
Жыл бойы жұмыс істейтін орталықтарға қойылатын негізгі талаптар:
- білім беру және сауықтыру бағдарламаларының болуы;
- пәндерге сәйкес педагогтердің жеткілікті болуы;
- штаттағы педагогтердің үлесі кемінде 50%;
- сапалы құрам үлесі кемінде 25%;
- медициналық пункт пен лицензияның болуы;
- тамақтану жағдайының ұйымдастырылуы;
- материалдық-техникалық базаның жеткіліктілігі;
- қауіпсіздік жүйелері (бейнебақылау, күзет, дабыл) толық қамтамасыз етілуі;
- санитарлық талаптардың сақталуы;
- цифрлық жүйелердің (ҰБДҚ) енгізілуі;
- балаларды тасымалдауға арналған көлікпен қамтамасыз етілуі.
Ал маусымдық орталықтарға қойылатын талаптар біршама жеңілдетілгенімен, негізгі қауіпсіздік, медициналық және санитарлық нормалар толық сақталуы тиіс.
Лицензия беру қызметі Солтүстік Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті арқылы жүзеге асырылады.
Өтінімдер электрондық форматта eGov және eLicense порталдары арқылы қабылданады.
Қызмет көрсету мерзімі – 30 күн, лицензияның жарамдылық мерзімі – 5 жыл.
Нормативтік құжаттар бекітілгесін күшіне енетін болады. Департмент қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын жалғастыратын болады.