"Qyzyljar апта" бағдарламасы

"Qyzyljar апта" бағдарламасы

СҰРАҚ-ЖАУАП

1 сұрақ: Департаменттің негізгі міндеттері мен қызмет бағыттары қандай?

Негізгі міндеттер:

1.Білім беру саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру

2.Білім беру жүйесінің сапасын сырттай бағалау және мемлекеттік бақылау жүргізу арқылы білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ету мақсатында білім беру саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру.

Қызмет бағыттары:

- білім беру сапасын бағалау;

- Мемлекеттік бақылау (білім беру ұйымдарының мемлекеттік аттестаттау:балабақшалар, мектептер, колледждер);

- аудандық/қалалық білім бөлімдері, облыстық білім беру басқармасының жұмысын тексеру, профилактикалық бақылау өткізу, жоспардан тыс тексерулер өткізу, білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру ;

- Мемлекеттік қызмет көрсету (білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру, білім туралы құжаттарға апостиль қою);

-«Педагог мәртебесі» туралы ҚРЗ нормаларын сақталуын қадағалау;

- мониторингтік қызметін жүргізу;

- әкімшілік қызметін жүргізу;

- ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

- ресми сайттарды сүйемелдеу және өзектендіру.

2 сұрақ: Білім беру ұйымдарына қандай тексеріс түрлері жүргізіледі? Осы жылдың жүргізілген тексерістердің нәтижелері қандай болды?

Білім беру жүйесіндегі мемлекеттік бақылау тексеру, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.

Тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

Ал, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында мемлекеттік аттестаттау жүргізіледі.

2025 жылы 109 білім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестаттау өткізілді, оның барлығы орта білім беру ұйымдары. Мемлекеттік аттестаттау рәсімінен өткен жалпы санынан алғанда сараптама комиссиясының оң қорытындысын 46 мектеп (42%) алды. «Аттестатталмады» нәтижесімен 63 (58%) мектеп.

Егер 2024 жылы 201 орта білім беру ұйымдарының ішінен мемлекеттік аттестаттау рәсімінен өткен жалпы санынан алғанда сараптама комиссиясының оң қорытындысын 40 мектеп (19,9%) алды. «Аттестатталмады» нәтижесімен 161 мектеп мемлекеттік аттестаттаудан өте алмады (80,1%). Биылғы жылы мен былтырғы жылды салыстысақ аттесттаудан өткен мектептер саны артты, өсім 19,5% құрайды.

Профилактикалық бақылауда 3 мектеп болған, нәтижесі бойынша оның 3-де бақылаудан өтті, оның ішінде бір жекеменшік мектеп, екі мемлекеттік мектептер.

 3 сұрақ: Қанша білім беру ұйымдарына лицензия, лицензияға қосымшалар берілді немесе қайта рәсімделді??

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 қарашадағы № 483 бұйрығына сәйкес лицензия беріледі.

2025 жылы 337 өтініш келіп түсті, оның ішінде бастауыш білім беру, орта білім беру ұйымынан лицензия және/немесе лицензияға қосымша беруге 2 өтініш («Lightway білім беру орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Петропавл қаласы бойынша филиалы (бастауыш мектеп), «№ 28 жалпы білім беретін мектеп»), қосымша берілді: ТжКБ-5 (мемл-4, 1 бөлім), мектептер-1 (Драгомировка ОМ), лицензияны және/немесе оған қосымшаны қайта ресімдеуге 324 өтініш: ТжКБ-дан 24 өтініш (мемл-19, 5 бөлім) және мектептерден 300 өтініш (Мамлют, М. Жұмабаева, Уәлиханов, Ақжар, Жамбыл, Тайынша, Ғ.Мүсірепова, Тимирязевский, Қызылжар, Шал ақын), сондай-ақ лицензияның қолданылуын тоқтатуға 5 өтініш (Шал ақын-2 (Астана НМ, Жаңаталап НМ), Тайынша -3 (Бахмутская НМ, Агрономовская НМ, Любимовская НМ).

4-сұрақ: Департамент қанша әкімшілік құқық бұзушылық туралы әкімшілік жазалар қолданды, қандай ҚР ӘҚБтК баптары бойынша?

Ережеге сәйкес Департамент әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасайды, уәкілетті органның құзыретіне жататын ҚР ӘҚБтК баптары бойынша әкімшілік жазалар қолданады.

2025 жыл ішінде барлығы 54 әкімшілік іс қозғалды, оның ішінде, ӘҚБтК 409-бабының 2-бөлігі бойынша 34 әкімшілік іс, ӘҚБтК 409-бабының 7-бөлігі бойынша 11 әкімшілік іс қозғалды (балалардың оқу орнында сабаққа қатыспауы). ӘҚБтК 409-бабының 2-бөлігі бойынша 2 әкімшілік іс қозғалды (міндетті мектеп формасына қойылатын талап).

Біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру қорытындысы бойынша ӘҚБтК 464-бабының 1-бөлігі бойынша 1 әкімшілік іс , ӘҚБтК 462-бабының 1-бөлігі бойынша 1 әкімшілік іс, , ӘҚБтК 463-бабының 1-бөлігі бойынша 1 әкімшілік іс қозғалды.

Жоспардан тыс тексерулер бойынша ӘҚБтК 409-бабының 4-бөлігі бойынша 4 әкімшілік іс қозғалды.

2024 жыл ішінде барлығы 41 әкімшілік іс қозғалды, оның ішінде, ӘҚБтК 409-бабының 2-бөлігі бойынша 22 әкімшілік іс, ӘҚБтК 409-бабының 7-бөлігі бойынша 6 әкімшілік іс қозғалды. Біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру қорытындысы бойынша ӘҚБтК 464-бабының 1-бөлігі бойынша 11 әкімшілік іс қозғалды. Айыппұлға 5 лауазымды тұлға, 7 заңды тұлға тартылды, бір мектептің лицензия қолданысы тоқтатылды. Прокуратураның талабы бойынша екі тексеру өткізілді, оның нәтижесі бойынша ҚР ӘҚБтК 464-бабының 1-бөлігіне сәйкес екі әкімшілік істер қозғалды. Қарау қорытындысы бойынша ескерту түрінде әкімшілік жаза шығарылды.

5-сұрақ: Департамент қандай мониторинг түрлерін жүргізуде?

Білім беру ұйымдарын жаңа 2025-2026 оқу жылына дайындау мәселесі бойынша: мектептерді жаңарту, жаңғырту, жаңа объектілер салу, күрделі, ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу, жылу беру маусымына дайындық, білім алушыларды тасымалдау, СЭТ, ӨБ сәйкестігі, қауіпсіздік жүйелерімен жарақтандыру, заманауи пәндік кабинеттерді ашу, аула дәретханаларын бөлшектеу.

МТБ күшейту жұмыстары, инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары,100 пайыз оқушыларды оқулықтармен қамтамасыз ету, педагог тапшылығын жою, білім ұйымдарда бірінші басшылар тапшылығын жою, санитарлық, өрт сөндіру қауыпсыздығы, қауыпсыздық құралдарының болуын қамтамасыз ету, жылыту маусымына дайындық, балаларды тасымалдаумен қамтамасыз ету жұмыстары үнемі Департамент бақылауында.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша алдағы үш жылда Қазақстанда 1300-ге жуық мектеп ауқымды түрде жаңартылады. Жаңарту шеңберінде ғимараттарды күрделі жөндеу, оқу кабинеттерін заманауи жабдықтармен жарақтандыру, жиһазды жаңарту, кітапханалар мен асханаларды жаңғырту, спорт залдарын қайта жаңарту немесе салу, рекреациялық аймақтар мен қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру, сондай-ақ жаңа қауіпсіздік жүйелерін енгізу көзделген. Жұмыстар шеңберінде шатырды ауыстыру, қасбеттер мен терезелерді жаңарту, инженерлік коммуникацияларды — электрмен жабдықтау, жылыту, сумен жабдықтау, кәріз және желдетуді күрделі жөндеу, сондай-ақ мектеп аумақтарын абаттандыру және көгалдандыру жүргізілетін болады. Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының ақпараты бойынша 69 мектеп жаңартылуға жатады, оның ішінде 2025 жылы 11 мектеп.

Сондай-ақ, оқушыларды оқулықтар мен ОӘҚ қамтамасыз ету мәселесі Департементтің күнделікті бақылауында.

Мемлекет басшысының «Келешек мектептері» жобасы бойынша тапсырманың орындалуы Департамент бақылауында.

6 сұрақ: СҚО «Келешек мектептері» пилоттық ұлттық жоба барысы туралы не айтасыз?

«Келешек мектептері» ұлттық жобасын іске асыру аясында «Орман» шағын ауданында 600 орындық мектеп 2024 жылғы 11 қарашада ашылды. 2025 жылы «Береке» шағын ауданында 600 орынға арналған мектеп салынды. Бүгінгі таңда Samruk Kazyna жобаның бірыңғай ұйымдастырушысы өкілдері нысанды білім басқармасынының балансына беру бойынша жұмыс жүргізуде. Департамент қызметкерлері «Келешек мектептері» ұлттық жобасы бойынша салынған мектептерді лицензия алынғанына дейін бақылап сүйемелдеуде және де білім беру қызметіне лицензия беру бойынша біліктілік талаптарына сәйкестігі жөнінде бірқатар ақпараттық-кеңестік жұмыстар атқаруда.

«Келешек мектептері» жобасының даму стратегиясын Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық академиясы жасақтап жатыр. Жаңа үлгідегі мектептердің басты мақсаты бұл заманауи талаптарға сай білім беру ортасын қалыптастыру. Академия «Келешек мектептері» үшін оқу-тәрбие үдерісіне әдіснамалық және мазмұндық сүйемелдеу; цифрландыруды дамыту; білім беру қызметін зерделеу және талдау бағыттарда жүйелі қолдау көрсетеді. «Келешек мектептері» арқылы Қазақстандағы орта білім беру жүйесінің жаңа сапалық деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстар жүргізілетін болады.