СҚО ДОКСО басшысы Г.Т.Таласбаеваның АКҚ брифингінде «Педагог мәртебесі туралы» сөз сөйлеу тезистері

СҚО ДОКСО басшысы Г.Т.Таласбаеваның РСК брифингінде «Педагог мәртебесі туралы» сөз сөйлеу тезистері
Құрметті брифингке қатысушылар!
Қазіргі уақытта еліміздің 22 мыңнан астам білім беру ұйымдарында 6 миллионға жуық оқушыны тәрбиелеп отырған 600 мыңға жуық мұғалім еңбек етіп, мемлекет тарапынан лайықты баға алуда.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауларында және халықпен әрбір маңызды кездесуде қоғамдағы педагогтардың орны мен мәртебесін үнемі атап өтеді.
Мемлекет басшысы ұлттың зияткерлік әлеуетін қалыптастырудағы мұғалімнің рөлін ерекше бағалап, олардың мәртебесін көтеруді мемлекеттің негізгі стратегиялық бағыты ретінде айқындады.
Бұл бағытта 2019 жылы «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылданды, педагогтардың құқықтары мен әлеуметтік жағдайын нығайтуға ерекше назар аударылды.
Педагогтердің еңбек жағдайларын қолдау және жақсарту бойынша кешенді шаралар жалғастырылуда.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау бойынша 2020-2023 жылдар аралығында педагогтердің жалақысын 100% арттыру қамтамасыз етілді. Балабақша педагогтарының еңбекақысы 30% - ға өсті, ал колледждерде өндірістен келген шеберлерге 35% - ға дейін қосымша ақы белгіленді.
Алғаш рет Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2020 жылдан бастап мемлекет алдындағы үздік жетістіктері үшін «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атты мемлекеттік наградасы белгіленді. Қазіргі уақытта еліміздің 74 педагогы осы наградамен марапатталды.
2022 жылы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік наградаға Петропавл қаласы М. Айтхожин атындағы № 1 мектептің директоры Александр Юрьевич Курленя ие болды. 2023 жылы педагогтердің бірінші съезінде Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен білім берудегі үздік жетістіктері және саланың дамуына қосқан үлесі үшін еліміздің 17 педагогына «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағы берілді. Біздің облысымыз бойынша Қожаберген Жырау атындағы №6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі 40 жылдан астам уақыт педагогикаға арнаған Айжан Байкенова Капезова марапатталды. 2024 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағы Әбу Досмұханбетов атындағы гимназияда 40 жылдан астам қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген Рахметова Күләш Жетпісбайқызына берілді. Биылғы жылы Республикалық тамыз конференциясында Мемлекет басшысы Петропавл қаласының №4 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Аблемова Шолпан Багитовна мен Уалихан ауданының Мортық орта мектебінің математика пәні мұғалімі Сеитова Гульжан Капезовна марапатталды.
Әділдік пен ашықтық қағидатын қамтамасыз ету үшін көтермелеудің жаңа салалық жүйесі қабылданды, оның шеңберінде ҰБДБ ақпараттық жүйесіндегі «Марапат» модулі арқылы наградтауға кандидаттарды іріктеу процесі автоматтандырылды.
2023 жылы педагогтердің үздіксіз кәсіби даму моделі әзірленді. Бұл идеология аттестаттау жүйесінде және мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттыруда көрініс табуда.
«Ұстаз» үздіксіз кәсіби дамудың ұлттық платформасы іске қосылды. Платформа мұғалімдерге жеке кәсіби жетістіктерін қадағалап қана қоймай, олардың қызметі мен оқушылардың нәтижелерін талдауға, оқыту әдістемесін жетілдіруге, кәсіби және білім беру іс-шараларына қатысуға мүмкіндік береді.
Барлық деректер басқа білім беру жүйелерімен біріктірілген жеке кабинетте жинақталады. Бұл мұғалімнің оқушылар мен білім беру ортасының дамуына қосқан үлесін объективті бағалауға мүмкіндік береді.
Нәтижелер валидтілік, сенімділік және объективтілік сияқты негізгі принциптерді сақтай отырып, аттестаттаудан өту кезінде қолданылады.
Қазіргі уақытта аттестаттау рәсімі «Ұстаз" платформасы арқылы «педагог-модератор», «педагог-сарапшы», ал қалған санаттағы педагогтер ЭҮП (Электрондық үкімет порталы) арқылы өтеді.
Сондай-ақ №83 «Аттестаттау ережелері мен шарттары» бұйрығына өзгерістер енгізілді, атап айтқанда, ПББ (педагогтердің білімін бағалау)тек пәндік құзыреттер бойынша жүргізіледі, Пәндік білім – 50 тапсырма; санат жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу, өндірістен қол үзіп тағылымдамадан өту, әскери қызмет кезінде 2 жылдан аспайтын мерзімге сақталады; 30 және одан да көп жыл педагогикалық өтілі бар барлық лауазымдардың педагогтері ПББ тапсырудан босатылады және педагогтер қолданыстағы жүйе бойынша бұрын берілген біліктілік санатын растаған жағдайда қызмет нәтижелерін кешенді жинақтаудан өтеді; «педагог-модератор» санатына көшу кезінде «бірінші» немесе «жоғары» санаты бар педагогтар; «педагог-зерттеуші» және «педагог-шебер» санаттарын растау кезінде екі реттен артық емес.
«Педагог-модератор» санаты білім басқармасы органынан, білім беру саласындағы уәкілетті органнан, біліктілікті арттыруды, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарынан білім беру ұйымдарына ауысқан және ғылым кандидаты/докторы/PhD докторы дәрежесі бар жағдайда педагогтарға аттестаттаудан өтпей осы аталған санат беріледі.
Білім беру ұйымы басшысының/басшысының орынбасары лауазымына аттестаттау рәсімінен өтпей тағайындалған кезде білім берудегі өзгерістер көшбасшыларын іріктеу және даярлау бағдарламасы бойынша оқудан өткен және кадр резервіне кірген; білім беруді басқару органдарынан, білім беру саласындағы уәкілетті органнан білім беру ұйымына ауысатын және білім беру саласындағы уәкілетті органнан білім беру ұйымына ауысатын педагогтерге тиісінше «Бірінші санаттағы басшы/басшының орынбасары» санаты беріледі. Мемлекеттік қызмет лауазымдарында кемінде 5 (бес) жыл жұмыс өтілі болса да осы аталған санат беріледі.
Оқу-ағарту министрлігі кадр резерві қағидаты бойынша «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» басқарушылардың жаңа корпусын қалыптастыру жөніндегі жобаны табысты іске асыруды жалғастыруда. Бағдарлама резервшілерге тиісті еңбекақы төленетін біліктілік деңгейін бере отырып, білім беру ұйымының басшыларын конкурстан тыс тағайындауға мүмкіндік береді.
Конкурстық рәсімдерді өткізу процестерін автоматтандыру мақсатында «Педагогтерді жұмысқа қабылдау» модулі іске асырылуда.
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 79) тармақшасына, «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 3-тармағына және 16-бабының 1-тармағына сәйкес «Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 190 бұйрығына сәйкес бекітілген: педагогикалық әдеп қағидалары; Білім беру ұйымдарында педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары; Білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінде педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары.
Барлық білім беру ұйымдарында Педагогикалық әдеп бойынша кеңестер, Педагогикалық этиканы бұзу және Педагогтердің құқықтарын қорғау ҰБДҚ-да Модульдер жұмыс істейді.
Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету жөніндегі 20 аумақтық департаменттерде педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестер жұмыс істейді. Кеңес құрамына: бір педагог-зерттеуші, бір медагог-шебер, бір «Үздік педагог» атағының иегері, педагогикалық еңбек ардагері, білім басқармасының, білім бөлімінің, біліктілікті арттыру ұйымдарының және өңірлік әдістемелік орталықтардың өкілдері, білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кәсіподақтардың өкілі кіреді. Барлығы 11 адам.
Ағымдағы жылы Департамент жанында жұмыс істейтін педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің 4 отырысы өткізілді, ауыл оқушылары үшін жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың бірінші кезеңінде «Академиялық адалдық» қағидатын бұзу туралы, білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінде педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары туралы, педагогикалық әдеп нормаларын сақтау туралы мәселелер қаралды. «Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы» ҚР БҒМ №190 бұйрығына өзгерістер енгізу бойынша «Заманауи педагог» жобасы талқыланды.
Ұлттық білім беру деректер базасында (ҰБДБ) «Педагогикалық әдеп және педагог құқықтарын қорғау» қойындысы бар. Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті осы қойындыға педагогикалық әдеп нормаларын және ҚР «Педагог мәртебесі туралы» заңын бұзған педагогтердің деректерін енгізіп отырады. Өткен 2024 жылы СҚО бойынша педагог мәртебесі туралы заңнаманы бұзғандар педагогтар саны - 2. Ағымдағы жылдың осы кезеңінде педагогикалық әдеп нормалары және «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңының бұзылуы байқалған жоқ.
«Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбындағы Республикалық тамыз конференциясының пленарлық отырысында Мемлекет Басшысы бірқатар міндеттер қойды, олардың бірі «мемлекеттің міндеті — қоғамдағы педагогтің беделі мен мәртебесін барынша арттыру» деп атап өтті. «Педагог мәртебесі туралы» Заңға мұғалімдердің құқықтарын қорғау бойынша өзгерістер енгізуді ұсынды.
Департамент «Педагог мәртебесі туралы» Заңға өзгерістер енгізу бойынша белгілі бірқатар жұмыстар жасады, оның ішінде білім беру ұйымдарының басшылары мен мұғалімдерден жұмыс тобы құрылды. Келіп түскен ұсыныстар талқыланып, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетіне, педагогтердің құқықтарын қорғау бойынша «Педагогтің кәсіби қызметін қамтамасыз ету» 6-бабына, «Педагогтің кәсіби қызметті жүзеге асыру кезіндегі құқықтары» 7-бабына, «Тәлімгерлік» 13-бабына, «Педагогтерді аттестаттау және педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау)» 14-бабына өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар жіберілді.
Құрметті педагогтер!
Осы кездесудің мүмкіндіктерін пайдалана отыра Сіздерді келе жатқан кәсіби мерекелеріңізбен, Мұғалімдер күнімен құттықтаймын!
Сіздерге сарқылмас күш, шығармашылық шабыт және білім мен тәрбиенің маңызды жо