Выступление на мероприятии, посвященном Дню учителя (Кызылжарский район)

Выступление на мероприятии, посвященном Дню учителя (Кызылжарский район)

СҚО ДОКСО басшысы Г.Т.Таласбаеваның Қызыжар ауданының ұстаздар күніне арналған

іс-шарадағысөз сөйлеу тезистері

Құрметті ұстаздар!

Қазіргі уақытта еліміздің 22 мыңнан астам білім беру ұйымдарында 6 миллионға жуық оқушыны тәрбиелеп отырған 600 мыңға жуық мұғалім еңбек етіп, мемлекет тарапынан лайықты баға алуда.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауларында және халықпен әрбір маңызды кездесуде қоғамдағы педагогтардың орны мен мәртебесін үнемі атап өтеді.

Мемлекет басшысы ұлттың зияткерлік әлеуетін қалыптастырудағы мұғалімнің рөлін ерекше бағалап, олардың мәртебесін көтеруді мемлекеттің негізгі стратегиялық бағыты ретінде айқындады.

Бұл бағытта 2019 жылы «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылданды, педагогтардың құқықтары мен әлеуметтік жағдайын нығайтуға ерекше назар аударылды.

Педагогтердің еңбек жағдайларын қолдау және жақсарту бойынша кешенді шаралар жалғастырылуда.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау бойынша 2020-2023 жылдар аралығында педагогтердің жалақысын 100% арттыру қамтамасыз етілді. Балабақша педагогтарының еңбекақысы 30% - ға өсті, ал колледждерде өндірістен келген шеберлерге 35% - ға дейін қосымша ақы белгіленді.

Алғаш рет Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2020 жылдан бастап мемлекет алдындағы үздік жетістіктері үшін «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атты мемлекеттік наградасы белгіленді. Қазіргі уақытта еліміздің 74 педагогы осы наградамен марапатталды.

2022 жылы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік наградаға Петропавл қаласы М. Айтхожин атындағы № 1 мектептің директоры Александр Юрьевич Курленя ие болды. 2023 жылы педагогтердің бірінші съезінде Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен білім берудегі үздік жетістіктері және саланың дамуына қосқан үлесі үшін еліміздің 17 педагогына «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағы берілді. Біздің облысымыз бойынша Қожаберген Жырау атындағы №6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі 40 жылдан астам уақыт педагогикаға арнаған Айжан Байкенова Капезова марапатталды. 2024 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағы Әбу Досмұханбетов атындағы гимназияда 40 жылдан астам қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген Рахметова Күләш Жетпісбайқызына берілді. Биылғы жылы Петропавл қаласының №4 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Шолпан Бақытқызы Аблемова мен Уалихан ауданының Мортық орта мектебінің математика пәні мұғалімі Гульжан Қапезқызы Сеитова марапатталды.

«Ұстаз» үздіксіз кәсіби дамудың ұлттық платформасы іске қосылды. Платформа мұғалімдерге жеке кәсіби жетістіктерін қадағалап қана қоймай, олардың қызметі мен оқушылардың нәтижелерін талдауға, оқыту әдістемесін жетілдіруге, кәсіби және білім беру іс-шараларына қатысуға мүмкіндік береді.

Нәтижелер валидтілік, сенімділік және объективтілік сияқты негізгі принциптерді сақтай отырып, аттестаттаудан өту кезінде қолданылады.

Сондай-ақ Оқу-ағарту министірінің №83 «Аттестаттау ережелері мен шарттары» бұйрығына өзгерістер енгізілді, оның бірі 30 және одан да көп жыл педагогикалық өтілі бар барлық лауазымдардың педагогтері педагогтардың білімін бағалау тапсырудан босатылады.

Оқу-ағарту министрлігі кадр резерві қағидаты бойынша «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» басқарушылардың жаңа корпусын қалыптастыру жөніндегі жобаны табысты іске асыруды жалғастыруда. Бағдарлама резервшілерге тиісті еңбекақы төленетін біліктілік деңгейін бере отырып, білім беру ұйымының басшыларын конкурстан тыс тағайындауға мүмкіндік береді.

Конкурстық рәсімдерді өткізу процестерін автоматтандыру мақсатында «Педагогтерді жұмысқа қабылдау» модулі іске асырылуда.

Барлық білім беру ұйымдарында Педагогикалық әдеп бойынша кеңестер, Педагогикалық этиканы бұзу және Педагогтердің құқықтарын қорғау ҰБДҚ-да Модульдер жұмыс істейді.

Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету жөніндегі 20 аумақтық департаменттерде педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестер жұмыс істейді. Кеңес құрамына: бір педагог-зерттеуші, бір медагог-шебер, бір «Үздік педагог» атағының иегері, педагогикалық еңбек ардагері, білім басқармасының, білім бөлімінің, біліктілікті арттыру ұйымдарының және өңірлік әдістемелік орталықтардың өкілдері, білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кәсіподақтардың өкілі кіреді. Барлығы 11 адам.

«Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбындағы Республикалық тамыз конференциясының пленарлық отырысында Мемлекет Басшысы бірқатар міндеттер қойды, олардың бірі «мемлекеттің міндеті — қоғамдағы педагогтің беделі мен мәртебесін барынша арттыру» деп атап өтті. «Педагог мәртебесі туралы» Заңға мұғалімдердің құқықтарын қорғау бойынша өзгерістер енгізуді ұсынды.

Департамент «Педагог мәртебесі туралы» Заңға өзгерістер енгізу бойынша белгілі бірқатар жұмыстар жасады, оның ішінде білім беру ұйымдарының басшылары мен мұғалімдерден жұмыс тобы құрылды. Келіп түскен ұсыныстар талқыланып, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетіне ұсыныстар жіберілді.

Құрметті педагогтер!

 Сіздерді келе жатқан кәсіби мерекелеріңізбен, Мұғалімдер күнімен құттықтаймын!

Сіздерге сарқылмас күш, шығармашылық шабыт және білім мен тәрбиенің маңызды жолында мықты денсаулық тілеймін!