Бүгін облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің қатысуымен қуаттылығы жылына 5 млн. бірлік болатын жүктерге арналған бигбег өндіретін зауыттың салтанатты ашылуы өтті. Компания өндірісті ашу үшін 3 млн. АҚШ. долларынан астам инвестиция салды. Зауытта сапалы өнім шығаруға мүмкіндік беретін жаңа заманауи жабдықтар орнатылған. Зауыт өнімі барлық стандарттарға сай және мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес келеді, соның ішінде экспортты дамытуға бағытталған. Қазірдің өзінде компанияның өнімдерін Норвегия, Польша елдерінен сатып алуға дайын әлеуетті тұтынушылары бар. Зауыттың ашылуы өнеркәсіп және экспорт көлемін ұлғайтуға, сондай-ақ салық базаны арттыруға және 100-ден астам жұмыс орнын құруға, сол арқылы өңір тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.