
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімі бойынша, облыс әкімінің өкімімен Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы лауазымына Азамат Мұратұлы Агелеуов тағайындалды.
Азамат Мұратұлы Агелеуов 1980 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Экономика және менеджмент» және Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетін «Құрылыс» мамандығы бойынша бітірген.
Әр жылдары: Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бастығының орынбасары, Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қаржы басқармасының бастығы, Орал қаласының құрылыс бөлімінің бастығы, Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бастығы, Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы бастығының орынбасары, Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары, «Ембімұнайгаз» АҚ Инвестициялық талдау департаментінің аға талдаушысы, «Алтим» құрылыс фирмасы» ЖШС бас директоры болды.
Тағайындауға дейін «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Ұлттық жобаны іске асыру және өңірлік даму департаментінің өңірлік жоба басшысы қызметін атқарды.