Жиі қойылатын сұрақтар
Жауап: Мүлік иелерінің қауымдастығы (бұдан әрі – МӘС) – тұрғын емес үй-жайлардың пәтер иелері құратын заңды тұлға; жай серіктестік – заңды тұлға құрмай пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың барлық меншік иелерін тікелей бірлесіп басқару.
МИБ пен ҚС арасындағы негізгі айырмашылық мынада: мүлік иелерінің бірлестігі-бұл коммерциялық емес ұйым болып табылатын және Қазақстан Республикасының Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен әділет органдары тіркеген заңды тұлға.
Өз кезегінде қарапайым серіктестік заңды тұлға болып табылмайды және пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың иелері жасасатын бірлескен қызмет туралы шарт негізінде әрекет етеді.
Елді мекен шегінде құрылған қарапайым серіктестіктердің тізілімін тұрғын үй инспекциясы жүргізеді.
Жауап: Батыс Қазақстан облысында 2024–2026 жылдары жүзеге асырылатын «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы қала тұрғындарын ауылдық жерлерге қоныс аударуға ынталандыруды мақсат етеді. Бұл бағдарлама шекара маңындағы ауылдарды дамытуға, ауылдық аумақтардағы жұмыс күшінің тапшылығын жоюға, агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытуға және шағын және орта бизнес субъектілерінің санын арттыруға бағытталған
Батыс Қазақстан облысында 2024–2026 жылдары жүзеге асырылып жатқан «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында, қала тұрғындарын ауылдық жерлерге қоныс аударуға ынталандыру мақсатында бірқатар шаралар қарастырылған.
Қоныс аударушыларға ұсынылатын қолдау шаралары:
1-бағыт бойынша мемлекеттік қолдау шаралары мемлекеттік бағдарламалар және жобалар шеңберінде көрсетіліп келеді.
Ауылдың кадрлық әлеуетін жақсарту және қамтамасыз ету үшін "Дипломмен ауылға!" жобасы аясында (2025 жылы мамандарға көтерме жәрдемақы - 393,2 мың теңге (100 АЕК), тұрғын үй сатып алу/салу үшін аудан орталықтарына келген мамандар үшін 9 830 мың теңге (2500 АЕК), ауылдық елді мекендерге 7 864 мың теңге (2000 АЕК) құрайды).
Ауылдық елді мекендерге медициналық кадрларды тарту үшін медициналық және фармацевтикалық мамандарға 1,0 млн. теңгеден 8,0 млн. теңгеге дейін мөлшерде біржолғы төлем төлеу қарастырылды.
Тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша мемқолдау көрсету, ауданның тұрғын үй қоры есебінен, ҚР заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
Жобаның жұмысқа орналасуға және кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу шаралары – 2-бағыты бойынша:
- қоныс аударушыларға "Ауыл аманаты" жобасы аясында қолдау көрсетіледі;
- жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беріледі;
- қосалқы шаруашылық жүргізуге арналған жер учаскелері беріледі;
- 2,5 пайыздан аспайтын жастарға шағын несие беріледі.
Сонымен қатар, қоғамдық жұмыстар, жастар тәжірибесі, жалақыны субсидиялау, «Бірінші жұмыс орны» жобасы, «Ұрпақтар келісімшарты», «Күміс жас» аясындағы жұмыспен қамту, кәсіптік оқыту шаралары көзделген.
Қоныс аударушыларға қойылатын талаптар:
• Тұрғылықты жері: Орал және Ақсай қалаларында кемінде бес жыл тұрып, еңбек еткен ҚазақстанРеспубликасының азаматтары.
• Мамандығы: Сұранысқа ие мамандар, жұмыс іздеп жүрген адамдар және жұмыссыздар.
Қоныс аударуға ниет білдірушілер үшін: «qoldau.bkogov.kz» арнайы сайты арқылы өтініш бере алады. Жеке қабылдауына жазылу арқылы, Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты жанындағы азаматтарды қабылдау орталығында қосымша ақпарат алуға болады.
Сілтеме НҚА: Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 12 қаңтардағы №8 қаулысы
Жауап: Меншік иелері бірлестігін (МИБ), қарапайым серіктестікті (ҚС), немесе тікелей бірлесіп басқаруды (ТББ) құру үшін үй-жайлардың меншік иелерінің жалпы жиналысын өткізу, МИБ, ҚС немесе ТББ құру туралы шешім қабылдау қажет. Тікелей бірлесіп басқаруды құру үшін барлық меншік иелерінің келісімі қажет, бұл жиналыс хаттамасымен расталуы тиіс.
Жиналыстың қорытындыларын рәсімдеп, МИБ-ті заңды тұлға ретінде тіркеу және тұрғындарды құру туралы хабардар ету керек. ҚС және ТББ заңды тұлға болып табылмайды.
Қарапайым серіктестікті құру үшін тіркеу талап етілмейді. Қарапайым серіктестік туралы шарт жасасу жеткілікті, онда қатысушылардың мақсаттары, құқықтары мен міндеттері көрсетіледі және шарт барлық тараптармен қол қойылып бекітіледі. Қарапайым серіктестік – бұл бірлескен қызмет туралы келісім және заңды тұлға болып табылмайды
Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум нысанын басқару, оны ұстауды қаржыландыру және кондоминиум нысанының ортақ мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында басқарудың келесі нысандарының бірін таңдауға міндетті:
1. мүлікиелерініңбірлестігі;
2. егерпәтерлердің, тұрғынемесүй-жайлардыңменшікиелерінің саны отызданаспаса, көппәтерлітұрғынүйдіңқарапайымсеріктестігі (қарапайымсеріктестік);
3. егерпәтерлердің, тұрғынемесүй-жайлардыңменшікиелерінің саны он алтыданаспаса, барлықменшікиелеріментікелейбірлесіпбасқару.
Меншік иелері бірлестігін (МИБ), қарапайым серіктестікті (ҚС), немесе тікелей бірлесіп басқаруды (ТББ) құру үшін үй-жайлардың меншік иелерінің жалпы жиналысын өткізу, МИБ, ҚС немесе ТББ құру туралы шешім қабылдау қажет.
Жиналыстың қорытындыларын рәсімдеп, МИБ-ті заңды тұлға ретінде тіркеу және тұрғындарды құру туралы хабардар ету керек. ҚС және ТББ заңды тұлға болып табылмайды.
Қарапайым серіктестікті құру үшін тіркеу талап етілмейді. Қарапайым серіктестік туралы шарт жасасу жеткілікті, онда қатысушылардың мақсаттары, құқықтары мен міндеттері көрсетіледі және шарт барлық тараптармен қол қойылып бекітіледі. Қарапайым серіктестік – бұл бірлескен қызмет туралы келісім және заңды тұлға болып табылмайды.
Тікелей бірлесіп басқаруды құру үшін барлық меншік иелерінің келісімі қажет, бұл жиналыс хаттамасымен расталуы тиіс.
Пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлар иелерінің кемінде 10%-ынан тұратын бастамашыл топ жиналыс өткізу туралы бастама көтереді.
• Бастамашыл топ жиналыс шақыру туралы хабарламаны үлгілік формаға сәйкес ресімдеп, оны жиналыс күнінен кемінде 10 күн бұрын көпшілікке қолжетімді орындарға орналастырады.
• Жиналыс меншік иелерінің жартысынан астамы (2/3 дауыс) қатысқан жағдайда заңды болып есептеледі, және шешімдер дауыс бергендардың жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады.
Жиналыста келесі мәселелер қаралады:
• Жиналысхатшысысайланады;
• Жиналыстөрағасысайланады;
• Үйкеңесі 3 жылмерзімгесайланады (1–3 адам);
• Тексерукомиссиясы (ревизор) сайланады (1–3 адам);
• Үйдібасқаруформасытаңдалады;
• ТөрағанемесеСенімдітұлғасайланады;
• ОСИ Жарғысыбекітіледі;
• Тариф мөлшерібекітіледі.
Тексеру комиссиясы қаржылық қызметті бақылау үшін сайланады.
Тексеру комиссиясының мүшелері (ревизорлар) меншік иелерінің бірлестігі төрағасының, қарапайым серіктестіктің сенімді өкілі немесе үй кеңесінің мүшелерінің отбасылары мүшелері бола алмайды.
Тексеру комиссиясы (ревизор) үш жыл мерзімге сайланады және кондоминиум нысанын басқару мен ортақ мүлікті ұстау бойынша басқа қызметтерді атқара алмайды.
Пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері жиналыста меншік иелерінің арасынан кемінде үш адамнан тұратын үй кеңесін сайлайды.
Үй кеңесінің мүшелері меншік иелерінің бірлестігі төрағасының отбасы мүшелері, қарапайым серіктестіктің сенімді тұлғасы немесе тексеру комиссиясының (ревизордың) мүшелері бола алмайды.
Үй кеңесі кондоминиум нысанын басқару және кондоминиум нысанының ортақ мүлкін ұстау мәселелері бойынша пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің мүддесін білдіреді.
Міндетті құжаттар пакеті — өтініш, жиналыс хаттамасы, ОСИ жарғысы (немесе үлгілік жарғы), мемлекеттік баж алымының төленгені туралы құжат — заңды тұлға ретінде тіркеу үшін ХҚО-ға тапсырылуы керек.
ОСИ жарғысы мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада рәсімделуі тиіс.
Мемлекеттік баж алымы — 1 АЕК.
МИБ-і тіркеу қызметінің көрсетілу мерзімі – 7 жұмыс күніне дейін.
ХҚО арқылы өтініш берген жағдайда, мерзім – құжаттар қабылданған күнді қоспағанда, 3 жұмыс күні.
E-gov порталы арқылы өтініш берген жағдайда, мемлекеттік баж алымының төленгені расталған күннен бастап 1 жұмыс күні есептеледі.
МИБ тіркеуден бас тарту себептері:
• Өтініштердің дұрыс толтырылмауы;
• Құжаттардың дұрыс рәсімделмеуі;
• Құжаттардағы рұқсат етілмеген кез келген түзетулер тіркеуден бас тарту себебі болуы мүмкін;
• ОСИ құруға меншік иелерінің жеткілікті дауысы жиналмаған жағдайда тіркеу бас тартылады;
• Таңдалған жиналыс төрағасы меншік иесі болмаса, тіркеу бас тартылады.
Сілтеме НҚА: "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi N 94 Заңы.
Жауап: Ағаштарды кесуге рұқсатты алу үшін egov.kz порталы арқылы өтінім беру қажет.
Ағаштарды кесуге рұқсат келесі жағдайларда талап етіледі: егер ағаштар қоғамдық аумақтарда, құрылыс кезінде, қайта жаңарту немесе абаттандыру жұмыстарын жүргізу барысында кесілуі қажет болса.
Іс-қимыл тәртібі
1. Сіздің жағдайыңыз рұқсатты қажет ететін санатқа кіретінін анықтаңыз.
2. Қажетті құжаттарды Қағидаларға сәйкес дайындаңыз.
3. Өтінішті келесі портал арқылы жіберіңіз:
• egov.kz
4. Рұқсатты алу – 10 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Қажетті құжаттар тізімі
Кесу себебіне байланысты (құрылыс, қайта жаңарту, абаттандыру):
• Электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы расталған өтініш (Қағидалардағы 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша);
• Жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі (егер «Жылжымайтын мүлік регистрі» базасында тіркелмеген болса);
• Экологиялық сараптама қорытындысы;
• Жасыл желектерге жүргізілген түгендеу және орман-патологиялық зерттеу материалдары;
• Өтемдік ағаш отырғызу жоспары;
• Көшеттерді отырғызу мерзімі көрсетілген өтемдік отырғызу туралы кепілхат;
• Өтемдік көгалдандыруды жүзеге асыратын ұйыммен жасалған шарт. Уәкілетті мемлекеттік орган "Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ.
Сілтеме НҚА: Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 67 және 71 баптары.
Жауап: Ағаштарды кесуге рұқсатты алу үшін egov.kz порталы арқылы өтінім беру қажет.
Ағаштарды кесуге рұқсат келесі жағдайларда талап етіледі: егер ағаштар қоғамдық аумақтарда, құрылыс кезінде, қайта жаңарту немесе абаттандыру жұмыстарын жүргізу барысында кесілуі қажет болса.
Іс-қимыл тәртібі
1. Сіздің жағдайыңыз рұқсатты қажет ететін санатқа кіретінін анықтаңыз.
2. Қажетті құжаттарды Қағидаларға сәйкес дайындаңыз.
3. Өтінішті келесі портал арқылы жіберіңіз:
• egov.kz
4. Рұқсатты алу – 10 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Қажетті құжаттар тізімі
Кесу себебіне байланысты (құрылыс, қайта жаңарту, абаттандыру):
• Электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы расталған өтініш (Қағидалардағы 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша);
• Жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі (егер «Жылжымайтын мүлік регистрі» базасында тіркелмеген болса);
• Экологиялық сараптама қорытындысы;
• Жасыл желектерге жүргізілген түгендеу және орман-патологиялық зерттеу материалдары;
• Өтемдік ағаш отырғызу жоспары;
• Көшеттерді отырғызу мерзімі көрсетілген өтемдік отырғызу туралы кепілхат;
• Өтемдік көгалдандыруды жүзеге асыратын ұйыммен жасалған шарт. Уәкілетті мемлекеттік орган "Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ.
Жауап: Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйді жекешелендіру үшін өтініш беруші egov.kz порталы немесе өзіңіз мекен жайыңыз бойынша ХҚКО арқылы өтініш беру қажет.
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйді жекешелендіру - бұл азаматтың жалға алып отырған мемлекеттік тұрғын үйді жеке меншігіне тегін рәсімдеу процесі. Бұл қызмет тек белгілі бір санаттағы азаматтарға қолжетімді және нақты заңдармен реттеледі.
Мына азаматтар тұрғын үйді жекешелендіруге құқылы:
• Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалға алып отырған азаматтар;
• Әлеуметтік осал топтарға жататындар (көп балалы отбасылар, мүгедектер, жетім балалар және т.б.);
• Мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік мекеме қызметкерлері, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, судьялар, депутаттар, ғарышкерлер мен үміткерлер.
Жекешелендіруге өтініш беру үшін отбасының барлық кәмелетке толған мүшелері келісімін беруі қажет.
Жекешелендіру қызметіне жүгіну тәсілдері:
• Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО) арқылы;
• электрондық үкімет порталы арқылы (ЭЦҚ қажет);
• Құжаттарды қарау және шешім қабылдау жергілікті атқарушы орган жанындағы тұрғын үй комиссиясы арқылы жүзеге асады.
Қажетті құжаттар тізімі:
1. Өтініш (отбасының барлық кәмелетке толған мүшелері қол қояды);
2. Қажетіне қарай:
• некеге тұру/бұзу туралы, баланың тууы немесе отбасы мүшесінің қайтыс болуы туралы куәліктер көшірмелері;
3. Тұрғын үйге жалға алу шарты немесе ордер;
4. Егер өтініш берушінің отбасына басқа тұлғалар мүшелік етсе- сот шешімінің көшірмесі;
5. Егер азамат жеңілдікті топқа жатса:
• тиісті құжат көшірмесі (мысалы, көп балалы отбасы мәртебесі);
6. Мемлекеттік қызметшілер мен өзге де санаттар үшін:
• жұмыс орнынан анықтама немесе еңбек қызметін растайтын құжат көшірмесі;
7. Ғарышкерлер немесе үміткерлеh- мәртебесін растайтын құжат;
8. №6 нысан- өтініш беруші мен онымен тұратын отбасы мүшелерінің атына ҚР аумағында тұрғын үйдің бар/жоғы туралы әділет органының анықтамасы;
9. Коммуналдық қызметтер бойынша қарыздың жоқтығы туралы анықтама (жарық, су, газ, жылу, КСК және т.б.).
Сілтеме НҚА:
Жауап: Мектеп жасына дейінгі бала балабақшаға 7 жасқа дейін немесе 1-сыныпқа бармас бұрын бара алады. Бұл ретте ата-аналардың қалауы бойынша, бала 6 жасқа толғаннан кейін де балабақшада қалуы мүмкін. Алайда, 6 жасқа толған бала мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты бойынша балабақшада тәрбиеленуі тиіс. Егер бала 6 жасқа толғаннан кейін балабақшада қалса, ол мектепалды даярлық бағдарламасын меңгеріп, 1-сыныпқа қабылдануы тиіс. Бұл ретте бала 7 жасқа толған кезде 1-сыныпқа қабылданады.
Мектепке дейінгі оқыту балаларды мектепте оқуға мектепалды даярлау түрінде бес жастан бастап жүзеге асырылады. Мектепке дейінгі топтар күнтізбелік жылға толық 5 жасқа толған балалардың жасын ескере отырып, оқу жылының басында мектепке дейінгі ұйымда қалыптастырылады.
Мектепалды топтың оқу бағдарламасының мазмұнын игеру мерзімі (және балабақшаның барлық топтарында: бөбекжай, кіші және орта) 1 жылды құрайды.
Бұдан басқа, мектепке дейінгі ұйымдарға мектеп жасына дейінгі балаларды кезекке қою ағымдағы күнтізбелік жылға толық жылдарға жетуді ескере отырып, 6 жасқа дейін жүзеге асырылады. Мысалы, мектепке дейінгі егер бала ағымдағы жылы желтоқсан айында 6 жасқа толса, онда оған мектепке дейінгі ұйымдарға жолдама берілмейді.
1-сыныпқа алты жастан бастап балалар оқуға қабылданады.
Сілтеме НҚА:
Жауап: Ата-аналар бөлек тұрған жағдайда баламен қарым-қатынас тәртібін реттеу үшін, ата-аналар арасындағы келісім бойынша баламен кездесулердің уақытын, орнын және ұзақтығын анықтау қажет. Егер тараптар арасында келіспеушіліктер туындаса, сотқа жүгініп, баламен қарым-қатынас жасау тәртібін сот шешімімен бекітуге болады. Сот баланың мүдделерін ескеріп, шешім қабылдайды.
Ата-аналар бөлек тұрған кезде баламен қарым-қатынас тәртібін реттеу үшін келесі шараларды қолдануға болады:
1. Ата-аналар арасындағы келісім: Ата-аналар баланың мүдделерін ескере отырып, баламен кездесу уақытын, орнын және ұзақтығын анықтауы керек. Бұл келісімде баланың тәрбиесі мен дамуына кедергі жасамайтын жағдайлар қарастырылуы қажет. Келісімді жазбаша түрде рәсімдеп, қажет болса нотариус арқылы растатуға болады.
2. Сотқа жүгіну: Егер ата-аналар арасында баламен кездесулер тәртібі бойынша келіспеушіліктер туындаса, олар сотқа жүгініп, баламен қарым-қатынас жасау тәртібін сот шешімі арқылы реттей алады. Сот баланың мүдделерін бірінші орынға қойып, оның дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында шешім шығарады.
3. Баланың мүдделері мен психологиялық жағдайы: Баланың жасына және психологиялық жағдайына сәйкес, оның тұрақты және қауіпсіз ортада болуы маңызды. Ата-аналар баланың денсаулығы мен дамуын ескере отырып, қарым-қатынас орнатуға тырысуы тиіс.
4. Қаржылық міндеттемелер: Ата-аналардың баланың қажеттіліктерін қанағаттандыруға қатысты қаржылық міндеттемелерін де анықтау керек. Бұл мәселе де сот арқылы реттелуі мүмкін.
5. Қарым-қатынас ережелері: Баланың қалай және қашан ата-анасымен кездесетінін нақты белгілеу маңызды. Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынас үзіліссіз әрі тұрақты болуы тиіс. Бұл шаралар баланың құқықтары мен мүдделерін қорғай отырып, оның дамуына қолайлы жағдай жасауға бағытталған.
6. Байланыс деректері: Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы 📍 Мекен-жайы: Орал қаласы, Есқалиева көшесі, 72
📞 Телефон: 8 (7112) 26-04-65
Сілтеме НҚА:
Жауап: Батыс Қазақстан облысында мектепке дейінгі ұйымдар мен мектептерде тегін ыстық тамақпен қамтылатын балалардың санаты келесідей: 1-4 сынып оқушылары — барлық бастауыш сынып оқушылары. Әлеуметтік осал топтағы балалар — аз қамтылған, көпбалалы отбасылардан шыққан балалар, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар.
Облыстың мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарында әлеуметтік осал топтағы отбасылардан шыққан мектеп жасына дейінгі келесі санаттағы тәрбиеленушілердің тамақтану шығындары толық көлемде өтеледі:
1. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар;
2. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балалар;
3. Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балалар;
4. Төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балалар.
Мектептерде тегін ыстық тамақпен қамтылатын балалар: 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Батыс Қазақстан облысының барлық бастауыш сынып оқушылары әлеуметтік мәртебесіне қарамастан тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Бұл шара Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы
17 қыркүйектегі № 754 Қаулысына сәйкес жүзеге асырылды. Мектепке дейінгі ұйымдар мен мектептерде тегін ыстық тамақпен қамтылатын балалардың санаты нақты белгіленіп, әлеуметтік қолдау шаралары жүзеге асырылуда.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысы,
Жауап: Балабақшаға кезекке тұру үшін egov.kz немесе жергілікті балабақшаға арналған порталға (мысалы, balabaqsha.snation.kz) кіріп, баланың деректерін енгізіп, өтініш беру керек. Содан кейін жүйе автоматты түрде кезекке тұрады.
Балабақшаға кезекке тұру үшін келесі қадамдарды орындау қажет:
Порталға кіру: egov.kz немесе жергілікті балабақшаға арналған порталға (мысалы, balabaqsha.snation.kz ) кіріңіз.
Өтініш беру: Порталда баланың жеке мәліметтерін (туған күні, аты-жөні, ата-анасының мәліметтері) толтырып, балабақшаға қабылдау үшін өтініш беріңіз.
Кезекке тіркелу: Өтінішті бергеннен кейін жүйе автоматты түрде баланы кезекке тіркейді. Кезекке тұру барысында баланың жасына және балабақшадағы бос орындарға байланысты кезек нөмірі беріледі.
Қажетті құжаттар: Өтініш бергеннен кейін балабақшаға қабылдау үшін қажетті құжаттарды (баланың туу туралы куәлігі, ата-анасының жеке куәлігі, денсаулық жағдайы туралы анықтама) ұсыну қажет.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 1 жұмыс күні ішінде өңделеді.
Өтініш беру тәсілдері:
- "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі-Портал);
- ақпараттандыру объектілері.
Байланыс деректері: Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы
📍 Мекен-жайы: Орал қаласы, Есқалиева көшесі, 72
📞 Телефон: 8 (7112) 26-04-65