Жиі қойылатын сұрақтар
Номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5 (екі жарым) %-тен аспайды.Микрокредит мерзімі – 5 (бес) жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін микрокредит мерзімі – 7 (жеті) жылға дейін.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 20 желтоқсандағы № 443 бұйрығымен бекітілген Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда микрокредит беру және лизинг қағидаларын бекіту туралы НПА-ға сәйкес номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5 (екі жарым) %-тен аспайды. Микрокредит мерзімі – 5 (бес) жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін микрокредит мерзімі – 7 (жеті) жылға дейін, Негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең микрокредит беру мерзімі ұзақтығының 1/3 (үштен бірінен) аспайды.
Негізгі талаптар: Ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі жобаны масштабтау шеңберінде микрокредиттер алу үшін жобаларды іріктеудің негізгі өлшемшарттары:
1) жобаның басым бағыттарға сәйкестігі;
2) тұрақты жұмыс орындарын құру;
3) жеке тұлғалар үшін – жобаны іске асыру жоспарланып отырған ауылдық елді мекенде немесе шағын қалада тұрғылықты жері бойынша кемінде 12 (он екі) ай (микрокредит алуға өтінім беру күніне) тұрақты тіркеудің болуы;
дара кәсіпкерлер үшін/заңды тұлғалар үшін – жобаны іске асыру жоспарланып отырған ауылдық елді мекенде немесе шағын қалада дара кәсіпкердің/заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеудің болуы;
4) жаңа, бұрын пайдаланылмаған техниканы, жабдықты сатып алу.
5) БҚО ауылдық елді мекендерінде кемінде 12 ай тұру;
6) Кепіл қамтамасыз етудің (жылжымайтын мүлік) болуы;
7) Бұрын алынған бюджеттік кредиттер бойынша мерзімі өткен берешектің болмауы;
Бас тарту жағдайлары:
1) жеңіл автокөлік сатып алу;
2) ауыл шаруашылығы жануарларын жақын туыстарынан сатып алу;
3) кейіннен жалға беру үшін ғимараттарды, үй-жайларды, тұрғын үйлерді сатып алу және/немесе салу; Кепілге қойылатын мүлік түрі:
Уәкілетті органда тіркелген жылжымалы және жылжымайтын мүлік; Қатысу мүмкіндігі адам санаттары:
1) жұмыссыздар;
2) дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелмей кіріс алу мақсатында тауарларды өндіру (өткізу), жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету жөніндегі қызметті өз бетінше жүзеге асыратын тұлғалар және (немесе) жұмыс істемей тұрған дара кәсіпкерлер;
3) отбасылық кәсіпкерлікте ақы төленбейтін қызметті жүзеге асыратын тұлғалар;
4) сату (айырбастау) үшін жеке қосалқы шаруашылықта өнім өндіру бойынша қызметті өз бетінше жүзеге асыратын, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен тұлғалар;
5) "Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызметін жүзеге асыратын ауыл шаруашылығы кооперативтері (бұдан әрі – ауыл шаруашылығы кооперативі);
6) ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп тұрған дара кәсіпкерлер.
Осы Қағидалар шеңберінде ауыл шаруашылығы техникасының және жабдығының лизингін алуға үміткерлер ауыл шаруашылығы кооперативтері болып табылады. Жауапты орган: "Aqjayiq" ӘКК" АҚ
Жауап: 1) Кәсіпкерлік субъектілерінің санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялау;
2) Туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне сыйымдылығы жүргiзушiнiң орнын қоспағанда, сегiзден астам отыратын орны бар автомобиль көлік құралдарын сатып алу бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу;
3) Кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін салу бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу;
4) Туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу.
1) Кәсіпкерлік субъектілерінің санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялау
Қажетті құжаттар:
1) заңды тұлға өтінім берген жағдайда – заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының көшірмелері, жеке тұлға өтініш берген жағдайда – жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, жеке кәсіпкер ретінде қызметінің басталғанын растайтын құжаттың көшірмесін, ал кәсіпкерлік субъектісінің өкілі өтінім берген кезде кәсіпкерлік субъектісінің мүдделерін білдіруге арналған нотариат куәландырған сенімхат қосымша ұсынылады;
2) СГТ-ға меншік немесе өзге де заңды иелену немесе басқару құқығын растайтын құжаттың көшірмесін;
3) мәлімделген СГТ және оның орналасқан жерінің фото- және бейнетіркеу материалдары.
Өтінімді ұсыну мерзімі:
Санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялауға арналған өтінімді қағаз немесе электрондық нысанда пошта арқылы не қолма-қол тиісті күнтізбелік жылдың бірінші жұмыс күнінен бастап 1 желтоқсанына дейін ұсынады.
2) Туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне сыйымдылығы жүргiзушiнiң орнын қоспағанда, сегiзден астам отыратын орны бар автомобиль көлік құралдарын сатып алу бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу
Қажетті құжаттар:
1) заңды тұлға өтінім берген жағдайда – заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының көшірмелері, жеке тұлға өтінім берген жағдайда – жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, жеке кәсіпкер ретінде қызметінің басталғанын растайтын құжаттың көшірмесі, ал кәсіпкерлік субъектісінің өкілі өтінім берген жағдайда – кәсіпкерлік субъектісінің мүдделерін білдіруге нотариалды куәландырылған сенімхаты қоса ұсынылады;
2) өтінім беру жоспарланып отырған айдың алдындағы айдың бірінші күніне алынған есебі мемлекеттік кірістер органында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәлiметтер;
3) көлік құралын тіркеу туралы куәлік көшірмесі;
4) сыйымдылығы жүргiзушiнiң орнын қоспағанда, сегiзден астам отыратын орны бар автомобиль көлік құралының (бұдан әрі – автокөлік құралы) сатып алынғанын растайтын құжаттың көшірмесі (электрондық шот-фактуралар не сатып алу-сату шарты, автокөлік құралын кредитке сатып алған жағдайда – кредиттік шарт).
Автокөлік құралын электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін пайдаланбайтын шетелдік өндірушіден сатып алған жағдайда автокөлік құралын сатып алу жөніндегі шығындар көлік құралдарына арналған кедендік декларациямен (Еуразиялық экономикалық одақтың мүшелері болып табылмайтын үшінші елдерден) немесе «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 456-бабының 2-тармағына сәйкес салық органының белгісі бар тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішпен расталады;
5) Фото және бейне материалдары;
Өтінімді ұсыну мерзімі:
Өтінімді күнтізбелік жылдың 1 маусымына дейінгі мерзімде пошта арқылы не қолма-қол қағаз немесе электрондық нысанда ұсынады.
3) Кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін салу бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу
Қажетті құжаттар:
1) заңды тұлға өтінім берген жағдайда – заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының көшірмелері, жеке тұлға өтініш берген жағдайда – жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғанын растайтын құжаттың көшірмесі, ал кәсіпкерлік субъектісінің өкілі өтінім берген кезде кәсіпкерлік субъектісінің мүдделерін білдіруге арналған нотариат куәландырған сенімхат қосымша ұсынылады;
2) мемлекеттік кірістер органдарында есепке алу жүргізілетін, өтінім беру жоспарланып отырған айдың алдындағы айдың бірінші күніне алынған берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер;
3) «Объектіні пайдалануға қабылдау актісінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 234 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15141 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша объектіні пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесі;
4) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жобалар сараптамасының оң қорытындысы бар мәлімделген ЖБСО бойынша жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының көшірмесі;
5) Фото және бейне материалдары;
Өтінімді ұсыну мерзімі:
Өтінімді күнтізбелік жылдың 1маусымына дейінгі мерзімде пошта арқылы не қолма-қол қағаз немесе электрондық нысанда ұсынады.
4) Туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу
Қажетті құжаттар:
1) заңды тұлға өтінім берген жағдайда – заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының көшірмелері, жеке тұлға өтініш берген жағдайда – жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғанын растайтын құжаттың көшірмесі, ал кәсіпкерлік субъектісінің өкілі өтінім берген кезде кәсіпкерлік субъектісінің мүдделерін білдіруге арналған нотариалды куәландырған сенімхат қосымша ұсынылады;
2) «Объектіні пайдалануға қабылдау актісінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 234 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15141 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша туристік қызмет объектісін пайдалануға қабылдау туралы актінің көшірмесі;
3) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес жобалар сараптамасының оң қорытындысы бар туристік қызметтің мәлімделген объектісі бойынша жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының көшірмесі;
4) салынған, реконструкцияланған мәлімделген туристік қызмет объектісінің фото- және бейнетіркеу материалдары;
Өтінімді ұсыну мерзімі:
Өтінімді күнтізбелік жылдың 1 маусымына дейінгі мерзімде пошта арқылы не қолма-қол қағаз немесе электрондық нысанда ұсынады. Жауапты мемлекеттік орган: БҚО кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялақ даму басқармасы.
Жауап: Мемлекеттік гранттар «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының финалистері болып табылатын әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне беріледі.
* Грант сомасы 5 млн. теңгеге дейін.
* Іске асыру мерзімі 18 ай.
* Өзінің қатысуы кемінде 20%.
Міндетті шарттар: әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу, бизнес-идеяның жаңалығы, жұмыс орындарын құру. Өтінімдер электрондық портал арқылы қабылданады KEZEKTE.KZ
«Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 754 Қаулысына сәйкес 5,0 млн.теңгеге дейінгі мемлекеттік гранттар «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының финалистеріне,әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне беріледі.
Кәсіпкер бір бизнес-жоба бойынша бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру мақсатында конкурстық іріктеуге қатысушы бола алады.
Бұл ретте кәсіпкердің бизнес-жобасы тізілімде тіркелген Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісінің қызмет саласына сәйкес келуге тиіс.
Бизнес-идеяларды іске асыру үшін бизнес-жобаның міндетті шарттары:
1) кәсіпкердің оны іске асыруға берілетін мемлекеттік грант көлемінің кемінде 20% мөлшерінде шығыстарды, оның ішінде бизнес-жобаға қатысатын жеке жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті ақшалай қаражатпен қоса қаржыландыруы;
2) жаңа жұмыс орындарын құру;
3) кәсіпкердің бизнес-жобасында инфрақұрылымның болуы және (немесе) Жобаны іске асыру үшін жеткілікті инфрақұрылым құру көзделген инвестициялық жоспардың болуы.
Мемлекеттік грант қаражаты мынадай мақсаттарға пайдаланылуға тиіс:
1) тауарларды шығару немесе қызметтер көрсету үшін қажетті негізгі құралдарды (оның ішінде негізгі құралдарды салу/ жаңғырту/ реконструкциялау/ күрделі жөндеу), шикізат пен материалдарды сатып алу;
2) Материалдық емес активтерді сатып алу;
3) технологияларды сатып алу;
4)кешенді кәсіпкерлік лицензияға (франчайзингке) құқықтарды сатып алу;
5)зерттеу жұмыстарына және (немесе) жаңа технологияларды енгізуге байланысты шығыстар.
Мемлекеттік грант қаражатын өзге мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді.
Кәсіпкердің бизнес-жобаны іске асыру мерзімі грант беру туралы шартқа қол қойылған сәттен бастап 18 (он сегіз) айдан аспауға тиіс. Жауапты мемлекеттік орган: БҚО кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялақ даму басқармасы.
Жауап: «Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 122 бұйрығы негізге алынады.
Жеке тұлғалар үшін – жеке кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы хабарлама немесе жеке кәсіпкердің талоны, немесе жеке кәсіпкердің куәлігі, заңды тұлғалар үшін-заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы ұсынады. Сонымен қатар, шығармашылық үйірме қызметін ұйымдастыруға пайдалану үшін үйірмені ұйымдастырушының меншігіндегі және (немесе) өзге де заңды негіздегі жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттарды ұсынады.
Балалар үйірмелеріне арналған мемлекеттік тапсырысқа қатысу кезінде «Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 122 бұйрығы негізге алынады. Оператор мемлекеттік тапсырысты орналастыруды "Ұлттық білім беру дерекқоры" ақпараттық жүйесімен интеграцияланған ақпараттық жүйе арқылы жүзеге асырады.
Жауап: "Мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына сәйкес құжаттарды ұсыну қажет.
"Мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына сәйкес-аса көрнекті тұлғаның сіңірген еңбегін және айрықша оқиғаның маңыздылығын, сондай-ақ аса көрнекті тұлғаның тұруын, жұмысын, болуын және мемориалдық тақта орнату болжанатын ғимаратта немесе құрылыста болған айрықша оқиғаны растайтын архивтік және өзге құжаттардың электрондық көшірмелерін;
-мемориалдық тақтаның эскизі;
-қасбеттерінде мемориалдық тақта орнату болжанатын ғимараттың немесе құрылыстың меншік иесінің (иелерінің) немесе өзге де заңды иесінің жазбаша келісімінің электрондық көшірмесін;
-қасбетінде мемориалдық тақтаны орнату қаралған ғимарат немесе құрылыстың республикалық және халықаралық маңыздағы тарих және мәдениет ескерткіші болып табылған жағдайда, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті органның келісуін ұсыну қажет.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қызметті алушы құжаттарды қоса бере отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне немесе "электрондық үкіметке" www.egov.kz, www.elisence.kz веб-порталдары арқылы береді.
Жауап: Монументтік өнер құрылыстарын орнату жөніндегі жұмысты облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары жүргізеді.
Ескерткіштер мен монументтер (ескерткіш, бюст, стела) мәдени-ағартушылық және объективті-тарихи функцияларды орындауға, сондай-ақ ел тарихы мен оның көрнекті тұлғаларын танымал ету объектілері бола отырып, бірінші кезекте өскелең ұрпаққа бағытталған идеологиялық-түсіндіру жүктемесін атқарады.
Ескерткіштер мен монументтер орнату жөніндегі жұмысты облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары жүргізеді.
Ескерткіштер мен монументтер орнату ережелері ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 28 сәуірдегі № 103 бұйрығымен реттеледі. Алдымен идеялық ұсыныс ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі жанындағы Монументтік өнер құрылыстарын орнату жөніндегі комиссияда сарапталады. Комиссияның шешіміне сәйкес жұмыс жобасы қаралып, ресми орнатуға ұсынылады.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ескерткіштер мен монументтер орнату жөніндегі ұстанымдарына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың ұсыныстары Батыс Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы Батыс Қазақстан облысының тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссияда қаралып, Министрлікке жолданады.
Бүгінде ескерткіштер мен монументтер орнату мәселесі ҚР Президенті Әкімшілігі мен салалық министрлік тарапынан қатаң бақылауда.
Аталған мемлекеттік қызметті электрондық түрде алу үшін портал арқылы сұраныс жіберуді ұсынылады немесе Мемлекеттік корпорацияға, облыстық және аудандық мемлекеттік архивтерге барып өтініш беруге болады.
ҚР Мәдениет және спорт министрінің «Архив ісі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес (29.05.2020 ж №159 бұйрық) архивтік анықтама немесе құжатты алу «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметі болып табылады. Архивтік анықтама немесе құжатты алушы қызмет берушінің кеңсесі, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы өтініш бере алады. Жоғарыдағы жағдайды ескере отырып, аталған мемлекеттік қызметті электрондық түрде алу үшін портал арқылы сұраныс жіберуге болады немесе Мемлекеттік корпорацияға, облыстық және аудандық мемлекеттік архивтерге барып өтініш беруге болады. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 11 жұмыс күні. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - тегін.
ҚР Мәдениет және спорт министрінің «Архив ісі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы (29.05.2020 ж №159 бұйрық)
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020790
Жауап: Көшеге атау беру (топоним) заңнамалық деңгейде реттеледі. Мұндай шешімдер тарихи, мәдени және тілдік нормалар ескеріле отырып, жергілікті органдардың ұсынысы бойынша және ономастикалық комиссиялардың келісімімен қабылданады.
Көшеге атау беру (топоним) заңнамалық деңгейде реттеледі. Мұндай шешімдер тарихи, мәдени және тілдік нормалар ескеріле отырып, жергілікті органдардың ұсынысы бойынша және ономастикалық комиссиялардың келісімімен қабылданады.
Іс-әрекет тәртібі:
1. Атауға қатысты ұсынысты азаматтар, ұйымдар немесе мемлекеттік органдар бере алады.
2. Ұсыныс тиісті негіздемемен жергілікті атқарушы органға (әкімдікке) жолданады.
3. Әкімдік ұсынысты «Тілдер туралы» Заң талаптарына сәйкестігі бойынша қарастырады:
• Мемлекеттік тіл нормаларына сәйкес келуі;
• Тарихи және мәдени маңыздылығы;
• Қоғамдық пікір.
4. Қажет болған жағдайда, ұсыныс ономастикалық комиссия қарауына жіберіледі.
5. Қорытынды оң болса-ресми шешім қабылданып, көшеге атау беріледі.
Ескерілетін талаптар:
• Көше атаулары мемлекеттік тілде берілуі тиіс;
• Атау тарихи, ұлттық құндылықтарды көрсетуі керек;
• Қазақ тіліндегі дәстүрлі, тарихи топонимдер мен елге еңбегі сіңген тұлғалардың есімдеріне басымдық беріледі. Аталған ұсыныс бойынша "Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ-не жолығуыңызға болады.
Сілтеме НҚА: "Қазақстан Республикасындағы тiл туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегі N 151 Заңы.
Жауап: Жұмыс жобасына мемлекеттік сараптама жүргізу қала құрылысы жобалары бойынша, сондай-ақ техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілердің жобалары бойынша жүргізіледі.
"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242 Заңының 64-4-бабына сәйкес мемлекеттік монополияға мыналар жатады:
1) барлық деңгейдегі қала құрылысы жобаларының кешенді қала құрылысы сараптамасы;
2) құрылыс жобаларына (техникалық-экономикалық негіздемелерге, жобалау-сметалық құжаттамаға) ведомстводан тыс кешенді сараптама:
- ықтимал қауіпті құрылыс объектілеріне жататын жаңа өндірістік ғимараттар мен құрылыстар, сондай-ақ қаржыландыру көздеріне қарамастан жаңа техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілер, олардың кешендері, инженерлік және көліктік коммуникациялар салу;
- бюджет қаражаты және мемлекеттік инвестициялардың өзге де нысандары есебінен қаржыландырылатын қолданыстағы объектілерді реконструкциялау, кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру және күрделі жөндеу:
- ықтимал қауіпті;
- техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі;
- жауапкершіліктің бірінші деңгейіне жатқызылған квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен қаржыландырылатын қолданыстағы объектілерді реконструкциялау, кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру және күрделі жөндеу;
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы уәкілетті орган әзірлеген үлгілік жобалар.
Сілтеме НҚА: "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242 Заңы.
Жауап: Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының қызмет саласына сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы заңнаманың сақталуын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кіреді.
"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242 Заңының 31-1-бабына сәйкес мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауы:
1) жер учаскесіне тиісті құқықтың, бекітілген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының, жобалар сараптамасының оң қорытындысының болуы, сондай-ақ мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асыратын органдарды құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізудің басталғаны туралы хабардар етуі;
2) хабарламада көрсетілген деректердің дұрыстығы;
3) лицензияланатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің тиісті түрлерін жүзеге асыру құқығына лицензияның болуы;
4) орындалған (орындалатын) құрылыс-монтаждау жұмыстарының, қолданылатын Құрылыс материалдарының, бұйымдарының, конструкциялары мен жабдықтарының бекітілген жобалау шешімдеріне және мемлекеттік (мемлекетаралық)нормативтерге, оның ішінде ғимараттардың (құрылыстардың) тіреу және қоршау конструкцияларының беріктігін, орнықтылығын, сенімділігін және пайдалану сапасын қамтамасыз ету жөніндегі сәйкестігіне;
5) мердігердің (бас мердігердің)құрылыс сапасын меншікті өндірістік бақылаудың және қадағалаудың барлық түрлері мен нысандарын (кіру, операциялық, қабылдау, зертханалық, геодезиялық және басқалар) ұйымдастыруы және жүзеге асыруы;
6) атқарушылық құжаттаманы уақтылы және дұрыс ресімдеу;
7) Тапсырыс берушінің (меншік иесінің) объектілерді салу кезінде техникалық және авторлық қадағалауларды ұйымдастыруы және жүзеге асыруы;
8) техникалық және авторлық қадағалауды жүзеге асыратын адамдардың Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауы.