Жалпы ақпарат

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының әкімі
Әкімдік туралы
«Жәнібек ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі аудан әкімінің қызметін ұйымдастыру, құқықтық, ақпараттық-талдау, консультативтік және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Жәнібек ауданы облыстың солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан және Ресей Федерациясының үш ауданымен шектеседі. Аудан орталығы - Жәнібек ауылдық округі. Өңірде ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және инфрақұрылым салалары тұрақты дамуда. Жылдан жылға ауданда білім беру мекемелері, спорт және мәдени-сауықтыру объектілері пайдалануға беріледі және жөнделеді. Елді мекендердің көрінісі мен тұрғындардың әлеуметтік жағдайы жақсаруда. Ауданның оқушылары, спортшылары мен мәдениет қайраткерлері түрлі байқаулар мен жарыстарда жоғары орын алады. Жәнібек еліміздің ұлы ұлдары - Ғұмар Қараштың, Хаби Халлиулиннің, Хамит Чуриннің, Ерденбек Ниетқалиевтің, Мәншүк Мәметованың және басқа да атақты тұлғалардың туған жері болып табылады.