Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Автомобиль жолдарын жөңдеу бойынша

Былтыр «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында Жәнібек ауылындағы: А.Байтұрсынов, Р.Егізбаев, Қ.Мусин, М.Өтемісов және Жәнібек ауылының солтүстік бөлігіндегі 9 жаңа көшенің құрылысы бастау алып, 2021 жылы 3 км жол бөлігі асфальтталса, биылғы жылы қалған бөлігіне асфальт салу жұмыстарын атқару жоспарлануда. 

2020 жылы құрылысы бастау алған «Жәнібек-Талов-Кіші Өзен» автомобиль жолының 2-27 шақырымы бөлігін орта жөңдеу жұмыстарын ағымдағы жылы аяқтау күтілуде.

Сонымен қатар ағымдағы жылы «Жәнібек-Талов-Кіші Өзен» автомобиль жолының 27-33 шақырымы бөлігін орта жөңдеу республикалық бюджеттен 254 млн. теңге, «Жәнібек-Талов-Кіші Өзен» автомобиль жолының 33-48 шақырымы бөлігін орта жөңдеу республикалық бюджеттен 644 млн. теңге, БҚО, Жәнібек ауданы, Қамысты ауылына кіреберіс автомобиль жолын күрделі жөңдеу жұмыстарына республикалық бюджеттен 400 млн. теңге қаражат бөлініп, мемлекеттік сатып алу арқылы конкурс беріліп, мердігерлер анықталып, келісім шарт жасақталынды. Орташа жөндеу жұмыстары басталып кетті.

Автомобиль жолдарын жөндеуде бірқатар дайын және жасақталып жатырған жобаларымыз бар. Ақоба ауылына кірме жолды күрделі жөңдеу, Жәнібек-Талов-Кіші Өзен автомобиль жолының 48-63, 63-78 шақырымы бөлігін орта жөңдеу, Көлтабан, Құрсай, Еңбекші елді мекендеріне кірме жолдарды күрделі жөңдеу және Жәнібек ауылындағы М.Мәметова, Ш.Шарафетдинов, И.Жұмаев, Б.Жәникешев, А.Иманов көшелерін күрделі жөңдеу.

Ш.Мажитов және Т.Абдрахманов көшелерін күрделі жөндеуге қаражат бөлініп, конкурстық рәсімдері басталып кетті.

Борсы ауылының кіре беріс автомобиль жолының және «Жәнібек-Талов-Кіші Өзен» автомобиль жолының 92-128 шақырымы бөлігін күрделі жөндеуінің жобалық-сметалық құжаттамаларын жасақтау басталуда.

Өткен жылы Жәнібек ауылының Ғ.Қараш, Б.Жәникешев, Абай көшелеріне барлығы 1741 метр, Қамысты ауылында 2 шақырымы және Тау ауылында 500 метрді құрайтын жаяу жүргіншілер жолы салынған болса, ағымдағы жылы Жәнібек ауылының солтүстік бөлігіндегі
9 жаңа көшеге 4925,8 метр және Ұзынкөл ауылында 1,5 шақырымды құрайтын жаяу жүргіншілер жолын салу жоспарлануда.

Документы
Ақпарат
13 февраля 2024
"Жәнібек аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ
Аудандық маңызы бар автомобиль жолдары. Құрылыс жұмыстары аяқталған нысандар
Новости
Полезные материалы
Автомобиль жолдарын жөңдеу бойынша
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Жәнібек ауданы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы