
2017 жылы «Батыс-Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Ұзынкөл ауылдық округіндегі Жәнібек ССЖ суландыру каналдарын реконструкциялау» нысанына жобалық сметалық құжаттама дайындалды. Жобалық сметалық құжаттаманы дайындауға – 1 млн. 800 мың теңге жұмсалды. Аталған жобаны жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік сатып алу арқылы ашық конкурс ұйымдастырылып, жеңімпазы «Qonyr servis BQO» ЖШС тағайындалып, келісім шарт жасалды. Жоба мақсаты қолданыстағы тоғандарға су беруді және лиманды сумен қамтуды жақсарту, ауылшаруашылығының жетекші саласы – мал шаруашылығын дамыту. Аталған нысанның құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың 16 шілдесінде аяқталды. Су көзі Волгоград су қоймасынан алынып Палласовка магистралды каналы арқылы Жәнібек суару суландыру жүйесіне берілді. Жұмыс жоспары бойынша КП-6 және КП-15 суландыру каналын рекострукциялау, реттегіш трубкаларын, каналдан өту трубаларын, 1 су тоғанын салу жұмыстары атқарылды. Мердігер -«Qonyr-servis BQO» ЖШС. Техникалық қадағалаушы- «Асем жоба» ЖШС, авторлық қадағалаушысы – «Оралводпроект» ЖШС. Құрылысының сметалық құны – 69 млн. теңге. Құрылыс нәтижесі бойынша жалпы 40 шақырым суландыру каналы жөңделді.
Жәнібек ауылындағы екі қабатты он екі пәтерлі екі тұрғын үйдің құрылысы бойынша мердігер мекеме «ЭнергоРемСервис» ЖШС-і. Құрылыс жұмыстарының ұзақтығы 8 ай. Бір тұрғын үйдің жалпы ауданы – 1180,24 м², пәтердің жалпы ауданы – 714 м², тұрғын ауданы – 456,8 м². Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып 01.09.2021 жылы обьектінің пайдалануға қабылдау актісі жасақталды. Тұрғын үйге мұқтаж 24 отбасы баспанамен қамтылды.
Аталған екі қабатты он екі пәтерлі екі тұрғын үйдің инженерлік комунникациялық инфрақұрылымынын дамыту және жайластыру бойынша құрылыс аланына электр желілерін өткізуге 20 дана тіреу темір бетонды материалдар және ауыз су құбырына құдық материалдары салынды. Электр желісінің тіреулері орнатылды. Су құбырын және газ құбырын қазу жұмыстары жүргізілді. Аталған нысанның құрылыс жұмыстаының жалпы құны – 72 238 531,02 теңге.
Мердігер «Жайық Сити» ЖШС. Құрылысының құны – 69 257 381,76 теңге.
Техникалық қадағалаушы «Құрылысконсалтинг» ЖШС – 2 119 275,76 теңге.
Авторлық қадағалаушы «ЖайықСтройПроект» ЖШС – 861 873,5 теңге.
Құрылыс жұмыстары 27.10.2021 жылы аяқталды.
2019 жылы Талов ауылдық округіне қарасты Майтүбек ауылына ауыз су құбырының құрылысына жобалық сметалық құжаттама дайындалды. Жобалық сметалық құжаттаманы дайындауға 2 642 857,6 тенге жұмсалды. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында аталған жобаны жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік сатып алу арқылы ашық конкурс ұйымдасытырылып, мердігер (Көлсай строй) анықталды. Нысан бойынша ауылішілік ауыз су құбыры 20 тұрғын үйлерге мен 2 әлеуметтік ғимараттарға тартылды. Ауыл ішілік құдықтары және өрт қауіпсізідігіне арналған резервуар, су қысымды мұнарасы, насосты станциясы орнатылды. Су көзі 1 шақырым жерде орналасқан скважинадан тартылды. Жалпы 3,6 шақырым ауыз су құбыры тартылды.