logo

Меню

Страницы

Статья

Білім

        Аудан бойынша 18 жалпы білім беретін мектеп бар. Оның ішінде 13 орта, 5 негізгі мектеп, 7 мемлекеттік балабақша, 2 жеке балабақша және 3 қосымша білім беру ұйымдары (балалар музыка мектебі, балалар шығармашылығы үйі, жасөспірімдер туризм орталығы) жұмыс жасайды. 

2025-2026 оқу жылы Қаратөбе ауданында 752  бала контингенті бар 23 мектепке дейінгі ұйым ) жұмыс істейді.

23  мектепке дейінгі ұйымдардың ішінде:

  • 7 балабақша (355 бала),
  • 4 мектеп-бөбекжай-балабақша ( 82 бала),
  • 10 шағын орталық (132 бала)
  • 2 жеке меншік балабақшада 183 бала тәрбиеленуде.

1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтылуы  –92,7 % , 1-3 жасқа дейін 70 %,  2 жастан 6 жасқа дейін – 97%, 3 жастан 6 жасқа дейін – 100% құрайды.

2024-2025 оқу жылын аудан бойынша 2548 оқушы аяқтаса, 9 сыныпты 212 оқушы аяқтап, оның 24-і «Үздік аттестат» иеленді. 11-сыныпты 182 түлек аяқтап, оның ішінде 4 түлек «Алтын белгі» белгісін, 11 түлек «Үздік аттестат» иеленді. Жоғары оқу орындарының грантын 105 түлек иеленді, ол жалпы түлектің 57,6%.

2024-2025 оқу жылының қорытындысы бойынша оқушылардың білім сапасы 65,4%.

Мектептерде оқушыларға 650 педагог тәлім-тәрбие береді. Оның 536-сы (82,4%) жоғары білімді 114 (17,5%) арнаулы орта болса, аудан бойынша жаңа форматта аттестаттаудан өткен педагог саны - 440 (67,6%)

Ауданда 3 қосымша білім беру орталығы бар, онда 1474 оқушы түрлі үйірмелермен қамтылған. Балалар шығармашылығы орталығында 46 үйірмеге қатысатын оқушы саны 690 (26,8%), Балалар музыка мектебінде 5 мамандық бойынша 139 оқушы (5,4%), Балалар-жасөспірімдер туризм орталығында 44 үйірмеде 645 оқушы (25,09%). Жалпы аудан бойынша мектеп оқушыларының қосымша білім берумен қамтылу пайызы 57,3%.

2024-2025 оқу жылының қорытындысы бойынша оқу-тәрбие жұмысытарын жүйелі ұйымдастырып, жетістіктерге жеткені үшін Шөптікөл МББК «Үздік 100 мектеп» қатарына енді. 2025-2026 оқу жылына аудан бойынша 1 сыныпқа 281 оқушы қабылданды.

Дата публикации
12 июня 2024
Дата обновления
12 января 2026
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Инфографики....
09 сентября 2026
Аққозы ауылдық округі әкімінің сайлауы
03 августа 2026
Аудиоролики

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы