
Білім саласы бойынша 2021-2022 оқу жылы 162 мектеп түлегінің 148-і ҰБТ тапсырып, соның 9-ы «Алтын белгі», 14-і «Үздік аттестат» иегері атанды. 97-і жоғарғы оқу орындарының және 30-ы колледждің грантын иеленді.
Қаратөбе мектеп-гимназиясы оқу жылының қорытындысы бойынша еліміздегі ең үздік 100 мектептің қатарына қосылды. Бұл тізімге облысымыз бойынша таңдаулы 9 мектептің қосылғанын айта кеткен жөн. Өткен жылы мектеп-гимназияға Республикалық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде академик Қажым Жұмалиевтің есімі берілді.