Жалпы ақпарат

БҚО білім басқармасының басшысы
Сафуллин Елдос Набиоллиевич

БҚО білім басқармасының басшысы

Әкімдіктің басқармалары

2022 жылғы 8 тамыздағы                           152

______________________________№__________

 

Орал қаласы                                                                                                       город Уральск                                                               

 

 

«Батыс Қазақстан облысының

білім басқармасы» мемлекеттік

мекемесі туралы

ережені бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 17-бабын басшылыққа ала отырып және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №590 «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған «Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
  2. «Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
  3. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 18 мамырдағы №126 «Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» және 2020 жылғы 13 мамырдағы №105 «Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 18 мамырдағы №126 «Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулылары жойылсын.
  4. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Б.Х.Нарымбетовке жүктелсін.
  5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Ережені жүктеу

Қызмет бағыты