Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту

Облыс бойынша 33,5 мыңнан астам баланы қамтыған 548 мектепке дейінгі ұйым қызмет етеді, оның ішінде 383-і мемлекеттік, 165-і жеке меншік.

      Мемлекеттік  мектепке дейінгі ұйымдар қатарында 147 балабақша, 62 «мектеп-балабақша кешені», 174 шағын орталық болса,  жеке 163 балабақша,  2 жеке шағын орталық жұмыс жасайды.

Мектепке дейінгі білім берудің сапалы көрсеткіші 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі ұйымдардың қызметтерімен қамтудың жоғары пайызы болып табылады-100%.

2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамту көрсеткіші –91% .

2024 жылы 3633 орынға арналған 49 мектепке дейінгі білім беру ұйымы ашылды (оның ішінде 3510 орынға 414 жеке ұйым). 

ҚР Білім Министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы №381 бұйрығына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына, түрлеріне қарамастан орналастырылады.

 Мектепке дейінгі ұйымдарда 4 277 педагог, қызмет атқарады, оның ішінде 2866 - директор, әдіскер, тәрбиешілер болса, 1279 басқа мамандар.

 

 

Жалпы орта білім

 Облыс бойынша 374 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, оның ішінде 358 күндізгі мемлекеттік, кешкі– 2, арнайы– 3, жеке - 11.

Жалпы білім беретін мектептердің жалпы санынан 249 мемлекеттік тілде, 11 орыс тілінде, 114 аралас тілде оқиды.

Мектеп оқушыларының контингенті барлығы 124 979 құрайды, оның ішінде мемлекеттік – 122147, кешкі-142, жеке – 2 166, арнайы – 524 оқушы.

Облыста 206 шағын жинақталған мектеп қызмет етеді, бұл жалпы мектептер санынан 56% құрайды, 19 тірек мектеп (ресурстық орталық) жұмыс істейді. Оқушылар саны азайып, желі нормативіне сәйкес келмеуіне байланысты 4 бастауыш мектеп, 1 кешкі мектеп жабылды.

9 сыныпты 10540 оқушы, 11-сыныпты 6411 оқушы аяқтады, оның ішінде 230 түлек "Алтын белгі" төсбелгі иегерлері.

Облыс бойынша білім беру ұйымдарына 67 елді-мекендерден 51 мектепке 4985 оқушыға күнделікті тасымал ұйымдастырылуда. 65 бірлік автокөлік тасымалды қамтамасыз етеді. Облыс бойынша 52 интернат жұмыс жасайды, оның ішінде 36-і (67%) типтік, 16-і (33%) бейімделген, ондағы бала саны 1922. 

Халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурсына облыстан 8 оқушы қатысып, 4-і жүлделі орынға ие болды.  

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңінде 24 жеңімпаз анықталды, оның ішінде  3 алтын, 4 күміс, 17 қола, ол 34% құрайды (2022-2023  оқу жылында І орын – 1, ІІ орын – 5; ІІІ орын – 19. Барлығы 25 орын, ол 40%  құрады).

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңінде көрсеткен үздік нәтижелері үшін Батыс Қазақстан облысының командасына ІІІ дәрежелі "Ең үздік олимпиадалық команда -2024" атағы берілді.

Республикалық олимпиаданың республикалық кезеңінде оқушылары жүлделі орындарға ие болған облысымыздың 6 мектебі (Дарынды балаларға арналған мамандандырылған "Білім-Инновация" мектеп-лицей-интернаты, дарынды балаларға арналған Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернаты, дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты, Орал қаласы №35 мектеп-лицейі, А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясы, Ақжайық ауданы Абай атындағы мектеп-гимназиясы) республика бойынша «100 Үздік мектеп» қатарына енді

Ауыл мектептерінің оқушылары үшін жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың кезеңінде 2024-2025  оқу жылында жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бойынша Батыс Қазақстан облысы «Үздік олимпиадалық команда-2024» ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадада көрсеткен үздік нәтижелері үшін Тасқала ауданы «Сәулет» мектеп-лицейіне «Ең үздік ауыл мектебі-2024» атағы берілді (2023 жылы 28 оқушы  анықталды, 8 алтын, 8 күміс, 12 қола. Жаратылыстану-математика мен қоғамдық-гуманитарлық бағыттары бойынша «Ең үздік олимпиадалық команда» аталымы бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Ақжайық ауданы, Абай атындағы мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы Зайдуллина Арунаға қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша «Үздік ауыл мектебінің оқушысы» атағы берілді)

Документы
Ақпарат
14 января 2026
БҚО білім басқармасының мектепке дейінгі және орта жалпы білімді дамыту бөлімі
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту
Ақпарат
14 марта 2025
Батыс Қазақстан облысының Білім басқармасы
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУДІҢ АРАСЫНДАҒЫ САБАҚТАСТЫҚ
Қаулы
21 ноября 2024
Батыс Қазақстан облысының Білім басқармасы
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулы жобасы
Новости
Полезные материалы
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту
Дошкольное образование и обучение
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту
Перейти
Біртұтас тәрбие бағдарламасы
Перейти
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Instagram
facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы