
Жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау
Жалпы облыс бойынша жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар контингенті 691-і құрайды.
Оның 626 отбасылық тәрбиелеу формасымен қамтылса, оның 117-і патронаттық тәрбиеде, 486 қорғаншылық және қамқорлышықта, 23-і қабылдаушы отбасы.
Облыстық жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар арналған ұйымдарда кәмелеттік жасқа толмаған 65 тәрбиеленуші тәрбиеленуде.
Оның ішінде:
білім саласына қарасты облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылында – 48 (25 тәрбиеленуші және 17 түлек) тәрбиеленуші, Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығында - 16 (уақытша) тәрбиеленуші;
денсаулық саласына қарасты «Мейірім» бөбектер үйінде - 3 тәрбиеленуші;
әлеуметтік қорғау саласына қарасты «Көшім» психологиялық-әлеуметтік қызметін көрсету мекемесінде - 20 тәрбиеленуші тәрбиеленуде.
Сонымен қатар облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылының аймағында орналасқан жасөспірімдер үйінде (2 коттеджде) 19 түлек тіркеуде тұр.
Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 13 қарашада № 274 қаулысына сәйкес құрылды.
Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың білім алу
мүмкіндігін жүзеге асыру
Облысы бойынша психологиялық - дәрігерлік - педагогикалық кеңес беру мекемесі есебінде 6995 ерекше білім беруге қажеттілігі бар бала тұр, оның ішінде 1644 бала мүгедек санатына жатады.
Балаларды инклюзивті біліммен қамту 4883 баланы немесе барлық ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар санының 69,8%-ы құрады.
Мектепке дейінгі ұйымда 17 арнайы топта (151 бала) 18 инклюзивті тәрбиелеу кабинеті (275 бала) жұмыс жасайды.
Жалпы орта білім беретін мектептерде 57 арнайы сыныптарда 295 бала біліммен қамтылған.
Сондай-ақ, ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға инклюзивті білім беруді жетілдіру мақсатында үйде жеке оқитын оқушылардың саны - 350.
Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды анықтау және олардың білім алуына жағдай жасау мақсатында облысымызда 4 психологиялық - дәрігерлік - педагогикалық кеңес беру мекемесі жұмыс жасайды.
Сондай-ақ, облыстың әр ауданында және Орал қаласында 13 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде арнайы педагогтер 327 балаға түзету-дамыту көмегін көрсетеді.
Арнайы түзету мектептері 3 бірлікті құрайды. Арнайы түзету мектептерінде 545 оқушы оқиды.
Облыс бойынша мүмкіндігі шектеулі 10 немесе одан да көп бала оқитын жалпы білім беретін мектептерде 263 дефектолог пен 261 логопед енгізілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 63 бірлік дефектологқа және 40 мұғалім-логопедтің бірлігіне көбейіп отыр.
Балаларды жалпы білім беру ортасына толық және жан-жақты бейімдеу үшін жалпы білім беретін мектептерді арнайы кадрлармен қамтамасыз ету бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.
Жалпы орта білім беретін мектепте ерекше білім беруді қажет ететін балаларды инклюзивті оқытуға жағдай жасаған мектептердің саны 345 мектепті, яғни 91,7%-ы құрады.
Мектепке дейінгі ұйымдарда ерекше оқыту мен тәрбиені қажет ететін балаларға жағдай жасау үлесі – 70,5 %, яғни мемлекеттік балабақшаның 105-не жағдай жасаған.
2022 жылы облыста Аутизмі (аутистикалық спектрдегі бұзылыстары) бар балаларды қолдау орталығы (autism-орталығы) ашылып, жұмыстануда.
Облыста 7 жалпы білім беретін мектеп жанынан инклюзивті қолдау кабинеттері ашылып, жұмыс жасайды (Орал қаласының №5,10,13,21,25 ЖОББМ және Теректі ауданының Подстепное №1 ЖОББМ, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласының №2 ЖОББМ).
Мектеп оқушыларының ыстық тамағын ұйымдастыру бойынша ақпарат
2024-2025 оқу жылы облыс бойынша 361 мектептерде 100% ыстық тамақтану ұйымдастырылуда.
Тегін ыстық тамақпен 56 883 оқушы немесе 47,4% қамтылуда. 1-4 сыныптағы оқушы саны - 50 898, 5-11 сыныптағы халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын жанұяларынан шыққан балалар саны – 5985.
Ыстық тамақпен қамту жұмыстары 52 мектепте мемлекеттік- жекешелік әріптестік, 147 мектепте жалға алушылар арқылы, 162 мектепте тауар сатып алу арқылы мектептердің өздері арқылы ұйымдастырылуда.
Бүгінгі таңда облысымыздың 55 мектебінде (қалалық – 48, аудандық - 7) «Е-Асхана» ақпараттық жүйе орнатылған. 237 мектеп асханаларының ас блоктарында бейнекамера орнатылған.
2024 жылдан бастап жекелеген санаттағы оқушыларға тамақтану құны 638 тг., 1-4 сынып оқушылары үшін 575 тг -ге өсірілді.
Батыс Қазақстан облысы бойынша
оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру
Жазғы каникул кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастырумен бірге олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ведомствоаралық 2024-2026 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді.
Бос уақытты ұйымдастырудың әр түрлі бағытымен 1-10 сынып оқушыларының жалпы санынан 111 000 оқушы (98%) қамтылды.
Әртүрлі бағыттағы 618 лагерь жұмыс жасады (18 қала сыртындағы (1 жеке лагерь), 589 мектеп жанындағы тамақтануы ұйымдастырылатын және тамақ ұйымдастырылмайтын, 11 шатырлы және киіз үй лагерь).
Облыста жалпы 18 қала сыртындағы ауысымдық сауықтыру лагерьлері, соның ішінде 1 жеке лагерь аудандардың, қаланың санитариялық-эпидемилогиялық бақылау басқармаларының рұқсатымен жұмыс жүргізді.
Этно бағыттағы лагерь 113 мектепте ұйымдастырылды.
Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған отбасынан шыққан балалардың 100%-ын және аз қамтылған отбасынан шыққан балалардың 100%-ын, мүмкіндігі шектеулі балалардың 94%-ын, девиантты мінез-құлықты оқушылардың 98,2%-ын жазғы демалыспен қамтылды.
Сонымен қатар, биыл екінші жыл қатарынан «Қазақстан халқына» қоры есебінен облыстың 828 оқу үздіктері, түрлі жарыстар мен байқаулардың жеңімпаздары демалыспен қамтылды.
Сонымен қатар, 2024 жылғы «Қауіпсіздік – балалық шақ» ведомствоаралық жоспар бекітіліп, әр бағыт бойынша шаралар іске асырылды.
Бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде балалардың жазғы демалысының барысы, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері, судағы жазатайым оқиғалардың, өрттердің, жолдарда және жазғы каникул кезеңінде балалармен болуы мүмкін жазатайым оқиғалардың басқа да көздерінің алдын алу шаралары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары толық жүргізілді.