Астанада М.Жұмабаев даңғылының учаскесі жөндеу жұмысына байланысты жабылады

Астанада М.Жұмабаев даңғылының учаскесі жөндеу жұмысына байланысты жабылады

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Р. Қошқарбаев даңғылынан Балқантау көшесіне дейінгі учаскеде М.Жұмабаев даңғылына орташа жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Осыған байланысты, биыл 29 сәуір мен 5 мамыр аралығында аталған учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын болады. Осы уақытта көлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.

Қызмет бағыты