«Таза Қазақстан»: Астанада отбасылық эстафета өтеді

«Таза Қазақстан»: Астанада отбасылық эстафета өтеді

14 желтоқсанда Орталық саябақтың шаңғы-роллер трассасында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылатын отбасылық эстафета өтеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Отбасылық эстафета 14 желтоқсанда сағат 14:00-де Орталық саябақта шаңғы жолында басталады. Жарыс басталардан бір сағат бұрын қатысушыларды тіркеу жүргізіледі.

Қатысуға әкесі, анасы және 7 жастан 10 жасқа дейінгі баласы бар командалар шақырылады.

Эстафета бірнеше кезеңнен тұрады.

1. Табиғат қазынасын жинаңыз: әр командаға табиғи материалдар беріледі. Қатысушылар оларды белгілі бір аймақта орналасқан себетке жинауы керек.

2. Эко-пазлды құрастырыңыз: қайта өңделген картоннан үстелдегі пазлдың бөліктерін жинау керек.

3. Қоқысты сұрыптау: қатысушылар қалдықтарды дұрыс сұрыптауға байланысты тапсырмаларды кезекпен орындайды.

Эстафета қорытындысы бойынша 1, 2 және 3 орын алған жеңімпаздар анықталады. Оларға медальдар мен грамоталар беріледі. Эстафетаға қатысқан балалардың бәрі естелік сыйлықтар алады.