9 тамызда Нүркен Өтеуіловпен «Абай бейнесі – театр кеңістігінде» атты онлайн сұхбат өтеді

9 тамызда Нүркен Өтеуіловпен «Абай бейнесі – театр кеңістігінде» атты онлайн сұхбат өтеді

Абай күні қарсаңында қалалық мәдениет басқармасының инстаграм парақшасында «Абай бейнесі – театр кеңістігінде» атты онлайн сұхбат өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Сұхбатты Қ.Қуанышбаев атындағы академиялық музыкалық драма театрының директоры Асхат Маемиров жүргізеді. Онлайн сұхбат қонағы – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Сахнагер-2019» ұлттық театр сыйлығының иегері, белгілі театр және кино актері Нүркен Өтеуілов.

Онлайн сұхбатты сағат 20:00-де, @askhatmaemirov, @ns_madeniet инстаграм парақшаларынан тамашалауға болады.