«Жұдырықтай жұмылып, бір-бірімізге көмектесейік»: танымал спортшы Қазақстан халқына үндеу жасады

«Жұдырықтай жұмылып, бір-бірімізге көмектесейік»: танымал спортшы Қазақстан халқына үндеу жасады

Аралас жекпе-жек өнерінің шебері және жаттықтырушы Василий Тахтай су тасқынынан зардап шеккендерге көмектесу үшін жұдырықтай жұмылуға шақырды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Табиғи апат салдарынан еліміз қиын жағдайға тап болды. Халқымыз үшін қиын-қыстау сәтте біз біртұтас халық болып, көмекке ұмтылуымыз керек. Көбі баспанасыз қалды, қаншама отбасы зардап шекті. Сол себепті бір-бірімізге көмектесейік», - деді Василий Тахтай қазақстандықтарға.