Тректегі велоспорттан Азия чемпионаты: елордалық велошабандоз қола жүлдегер атанды

Елордалық велошабандоз Рамис Дінмұхаметов тректегі велоспорттан Азия Чемпионатында ізге түсуден командалық жарыста қола медаль иегері атанды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
4 шақырым қашықтықты ҚР ұлттық құрама командасы 4:03.129 уақытта өтіп шығып, құрлықтық біріншілікте Жапония мен Қытай командаларына ғана жол берді.
Астана қаласының тағы бір велошабандозы Дмитрий Резанов командалық спринтте 5-орынды иеленді.
Айта кетейік, 21-26 ақпан аралығында Үндістанның Нью-Дели қаласында тректегі велоспорттан Азия чемпионаты өтіп жатыр.
Қызмет бағыты