Астаналық каратэшілер әлем чемпионатында 8 алтын медаль алды

Астаналық каратэшілер әлем чемпионатында 8 алтын медаль алды

Алматы қаласында өткен киокушинкай-кан каратэден әлем чемпионатында елордалық құрама команда жоғары нәтижеге қол жеткізіп, ел қоржынына 8 «алтын», 9 «күміс», 16 «қола» жүлде салды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

2 жылда бір рет өтетін әлем чемпионаты осы жылы өз елімізде, Алматы қаласында өтті. Жарыста 700-ге жуық спортшы, 35 құрама команда бақ сынады.

Қазақстандық құрама ең жоғары көрсеткішке жетіп, жалпыкомандалық есепте I орынға қол жеткізді.

Қызмет бағыты