Ұлттық статистика бюросы DEMO DAY өткізеді

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы ниет білдірушілерді DEMO DAY-ге шақырады. Іс-шара аясында Бюро жобаларының тұсаукесері өтеді, оған мемлекеттік органдар, жоғары оқу орындарының, бизнес-құрылымдар мен қауымдастықтардың өкілдері қатысады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Ұлттық статистика бюросының өкілдері инфляция бойынша ақпарат жинаудың жаңа әдістері, білім беру, денсаулық сақтау және ауыл шаруашылығы саласында жаңа цифрлық тіркелімдер құру туралы түсіндірежі.
Іс-шара 8 қараша күні Мәңгілік ел, 55/18, 3.3 кіреберіс, «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) залында өтеді.