Нұр-Сұлтан қаласында дауылды ескерту және қар аралас жаңбыр жауады деп болжануда

Нұр-Сұлтан қаласында дауылды ескерту және қар аралас жаңбыр жауады деп болжануда

"Қазгидромет" РМК хабарлауынша, 8 сәуірде ауа райы күрт нашарлауы мүмкін: дауылды ескерту жарияланып, желдің екпіні 22 м/с дейін жетеді, қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ күтілуде.

08 сәуір: көшпелі бұлт шығып, жаңбыр мен қар жауады, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с, екпіні 17-22 м / с. Температура күндіз +2+4°С және түнде -2-4°С.

Дауылды ескертудің болу ықтималдығы 85-90 %.

9 сәуір: көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с. Температура күндіз +3+5° және түнде -3-5°С.

10 сәуір: көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с. Температура күндіз +6+8°С және түнде -1-3°С.

Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға ауа-райының өзгеруі туралы ақпаратты мұқият қадағалап отыруға, көшеде бағандардан, ағаштардан, жарнама тақталарынан, электр желілері және сымдардан алыс жүруге, автокөлікті ескі ғимараттар мен ағаштардың қасына қоймауға кеңес береді.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда «112» нөміріне қоңырау шалыңыз.