Арғымақ мінген арулар: «Ұлы дала жорығы» марафонына қатысатын шабандоз қыздар көпшілікті тәнті етті

Арғымақ мінген арулар: «Ұлы дала жорығы» марафонына қатысатын шабандоз қыздар көпшілікті тәнті етті

«Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесіндегі 1300 шақырым қашықтықты бағындыратындар қатарында қыздардан құралған Ақмола облысының «Иманжүсіп» командасы дүбірлі додаға қызу дайындалып жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Биыл алғаш рет «Ұлы дала жорығы» республикалық марафон-бәйгесінде бұрымдылар да бақ сынайды. Шабандоз Мерзақ Садуақасов сынды ер азаматпен қатар Ләззат, Лаура, Анна, Евгения есімді 4 ару Ақмола облысы командасының намысын қорғамақ.

Марафон-бәйге 6 қыркүйек, сағат 14.00-де Астана-Түркістан бағыты бойынша Қаражар (Ильинка) ауылынан бастау алады. 19 қыркүйекте түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістан қаласында өз мәресіне жетеді.

Қызмет бағыты