Кенесары көшесіндегі учаске жөндеу жұмысына байланысты жабылады

Кенесары көшесіндегі учаске жөндеу жұмысына байланысты жабылады

Астана қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында М.Ғабдуллин көшесінен бастап Республика данғылына дейінгі учаскеде Кенесары көшесінің жол төсеміне орташа жөндеу жүргізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Осыған байланысты 7-8 шілде аралығында жоғарыда аталған учаскеде көлік қозғалысы шектелетін болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Қызмет бағыты