Абай даңғылы мен Ш.Уәлиханов көшесінің қиылысы жөндеу жұмысына байланысты жабылады

Абай даңғылы мен Ш.Уәлиханов көшесінің қиылысы жөндеу жұмысына байланысты жабылады

Астана қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Абай даңғылы мен Ш.Уәлиханов көшесінің қиылысында жол төсеміне орташа жөндеу жұмысын бастайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Осыған байланысты 5 шілде 21:00-ден бастап 6 шілде 09:00-ге дейін жоғарыда аталған учаскеде көлік қозғалысы толығымен жабылатын болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.