Елордада өрт сөндіру жұмысына екі тікұшақ жұмылдырылды

Елордада өрт сөндіру жұмысына екі тікұшақ жұмылдырылды

Елордалық ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері сағат 17:30-дағы жағдай бойынша 15 гектар аумақта құрғақ жердегі өртті сөндіру жұмысын жалғастыруда. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты елордалық ТЖД-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға орнына ҚР Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов бар. Алапат өртті сөндіруге Астана қаласы ТЖД жеке құрамының 158 адамы мен 33 бірлік техникасы, сондай-ақ қала әкімдігі мен Астана Орманы техникасы жұмылдырылды. Өртті сөндіру үшін Қорғаныс министрлігінің екі МИ-17 тікұшағы тартылды.

Өрт сөндіру штабы құрылды.

Тұрғын үйлер мен орман алқаптарына қауіп жоқ.

Қалалық ТЖД тұрғындарға сақтық танытып, мынадай сақтық шараларын сақтауды кеңес етті:

* ТЖД және басқа да сенімді көздердің ұсыныстарын орындаңыз.
* Егер сыртта болсаңыз, түтіннен қорғайтын маска таққан дұрыс.
* Түтіннің пәтерге енуіне жол бермеу үшін терезелер мен есіктерді жабыңыз.