Панфилов көшесіндегі учаске жөндеу жұмысына байланысты жабылады

Панфилов көшесіндегі учаске жөндеу жұмысына байланысты жабылады

Панфилов көшесіндегі учаскеде 29 сәуірден бастап жол төсемін жөндеу басталады. Тиісінше мұнда қозғалыс шектеледі, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты қаланың көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасына сілтеме жасап.

Осы жылдың 29-30 сәуір аралығында Тәуелсіздік даңғылынан Қалдаяқов көшесіне дейінгі Панфилов көшесінің учаскесінде көлік қозғалысы толығымен жабылатын болады. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бұл шара Астана ПД әкімшілік полиция басқармасымен келісілді.

Елорда тұрғындары мен қонақтары жолдардағы кептеліс жағдайларын болдырмау үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Қалалық қоғамдық көлік қозғалысының өзгертілген схемасын Сity Transportation Systems ЖШС-нің ресми instagram парақшасынан көре аласыз.