«Афродита Кубогы»: елордалық гимнастар 4 медаль еншіледі

«Афродита Кубогы»: елордалық гимнастар 4 медаль еншіледі

 

Бүгін Грекия астанасы Афинада көркем гимнастикадан VIII «Афродита Кубогы» атты халықаралық турнир аяқталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Бұл бәсекенің жекелей сынында Ұлттық құраманың 3 спортшысы, яғни Астана қаласының №1 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің гимнастшылары жүлдеге қол жеткізді. Атап айтар болсақ, елордалық гимнастшы Эрика Жайлауова ұршықпен өнер көрсетуде қола жүлдегер атанды. Оған қоса, тағы бір жерлесіміз Дария Көшербаева шеңбермен өнер көрсетіп, 4-орынға тұрақтады.

Сондай-ақ жастар арасында өнер көрсеткен астаналық бұрымдылар да жүлделі орындарға ие болды. Олар: Айым Мейіржанова мен Ақмарал Ерекешева. Екеуі де лентамен жаттығу барысында өз өнерлерін көрсетіп, Айым 25.850 балл иеленіп қола жүлдегер атанса, Ақмарал финалда күміс жүлдеге ие болды.

Топтық сайыста юниорлар арасында Астана қаласының «Фурор» командасы 5 секіргішпен финалда қола жүлдені жеңіп алды.

Қызмет бағыты