Нұр-Сұлтанда Чехоев көшесіндегі учаске жабылады

27 шілде мен 3 тамыз аралығында Жолымбет көшесінен 191 көшесіне дейінгі учаскеде автокөліктерге арналған қозғалыс тоқтатылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Нұр-Сұлтан қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасына Чехоев көшесіндегі жол төсемі бойынша жұмыстардың басталғаны туралы хабарлады.
Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 27 шілдесі мен 3 тамызы аралығында Жолымбет көшесінен 191 көшесіне дейінгі учаскеде автокөлік құралдары үшін қозғалыс толығымен жабылатын болады.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет.
Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз, - делінген ведомство хабарламасында.