
Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен Бурабай көшесінде жол жөндеу жұмыстарын бастады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
Осы жылдың 21 шілдесі мен 31 тамызы аралығында жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Бурабай көшесінің Қобыланды батыр көшесінен Шәкәрім Құдайбердіұлы даңғылына дейінгі бөлігі көлік қозғалысы үшін толығымен жабылады.
«Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды өтінеміз», - делінген бейінді басқарманың хабарламасында.