Халықаралық байқаушылар референдумның өтуіне баға берді

Өзбекстаннан келген халықаралық бақылаушылар 1000-нан астам дауыс беру учаскесінде, оның ішінде Нұр-Сұлтанда болды. Олар дауыс берушілердің қатары көп болғанын атап өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Өзбекстан Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Зайниддин Низамходжаев өзі жетекшілік етіп келген делегация 1000-нан астам сайлау учаскесінде болғанын мәлім етті. Олардың 6-ауы Нұр-Сұлтанда, 5-еуі Ақмола облысында.
«Дауыс беру учаскелерінде халықтың белсенділігі өте жоғары. Референдум учаскелері басшыларының айтуынша, сағат 10-да дауыс берушілердің 10-12 пайызы белсенділік танытып, өз дауыстарын берді. Біз жұрттың қатары қалың болғанына куә болдық. Ел жастары да Қазақстанның болашағына бей-жай қарамайтынын көрсетті. Азаматтар маңызды шешім қабылдауға белсенді қатысты. Сонымен қатар, референдум комиссиясы мүшелерінің дайындығы өте жоғары кәсіби деңгейде ұйымдастырылғаны бізді қуантты», – деп түйіндеді ол.