Нұр-Сұлтанда нашақорлықтың алдын алу және тыйым салынған заттардың таралуына жол бермеу бойынша акция өтті

Елорда әкімдігі полиция департаментімен бірлесіп "Астана жастары" ЖРО және "Есірткісіз ұлт" нашақорлықтың алдын алу қауымдастығының қатысуымен есірткіге қарсы акция өткізді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
Іс-шараның негізгі мақсаты-диспансерлік есепте тұрған есірткіге тәуелді адамдардың санын азайту, 14-29 жас аралығындағы жастар арасында нашақорлықтың алдын алу.
Акция барысында "Астана жастары" КММ еріктілері есірткі сататын сайттар туралы мәліметтерді қамтитын жазбаларды анықтау және бояу бойынша рейд жүргізді. Сондай-ақ, қала тұрғындарына 1000-нан астам есірткіге қарсы ақпараттық буклеттер таратылды.
Акцияға қатысушылар тұрғындарды есірткіні тұтынудың зияны және есірткі қылмысы үшін қылмыстық жауапкершілік туралы хабардар ету бойынша сауалнама жүргізді; "Есірткісіз Ұлт" нашақорлықтың алдын алу қауымдастығындағы ремиссиядағы есірткіге тәуелді адамдармен кездесті.
Іс-шараның соңында елордалық полиция департаментінің кинологиялық орталығында студент жастарға арналған дәріс оқылды, онда қатысушыларға есірткі, жарылғыш заттардың имитаторларын анықтау бойынша қызметтік-іздестіру иттерінің жұмысы көрсетілді.