Елордалық волонтерлер жалғыз тұратын зейнеткерлерге көмектесу акциясын жалғастыруда

Елордалық волонтерлер жалғыз тұратын зейнеткерлерге көмектесу акциясын жалғастыруда

Қардың көп жауғаны әсіресе үлкен кісілерге қиындық тудырады. Осыған байланысты елорда волонтерлері зейнеткерлер ауласының қарын тазалау акциясына жүргізіп жатыр, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Еріктілер жалғыз тұратын қарт кісілердің және өзге де мұқтаж жандардың ауласының қарын күреу бойынша көмектеседі. Жастар олардың ауласының қарын күреп, емін-еркін жүруіне мүмкіндік жасайды.

Бүгін «Астана жастары» ЖРО еріктілері «Нұр-Сұлтан қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ-мен бірлесіп, зейнеткерлерге жәрдем көрсетті.

Қайырымдылық іс-шарасы кезінде еріктілер санитарлық нормаларды сақтайды, тиісінше маскалармен, қолғаптармен қамтамасыз етіледі.

Қызмет бағыты