Санитария нормаларының сақталмауы адам өміріне қауіп төндіреді – әкім елорда тұрғындарын екпе алуға шақырды

Санитария нормаларының сақталмауы адам өміріне қауіп төндіреді – әкім елорда тұрғындарын екпе алуға шақырды

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай КөлгіновInstagramпарақшасында қала тұрғындарын коронавирустың ауыр күйіне тап болмас үшін вакцина алуға шақырды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Қала тұрғындары күн сайын жолда, жұмыста, туыстарымен және т.б. адамдармен араласады. Өкінішке қарай, бәрі бірдей қауіпсіздік шараларын сақтай бермейді. Санитарлық нормаларды және өзін-өзі қорғаудың қарапайым тәсілдерін сақтамау қатерге бас тігумен тең. Мұндай жағдайда адам өмірі мен денсаулығына қауіп төнеді.

Бәріңізді шұғыл түрде екпе алуға шақырамын. Вакцинация ғана сізді және отбасыңызды реанимациядан, аурудан кейінгі оңалту курсынан, антибиотиктер мен өзге де ауыр дәрі-дәрмектер қабылдаудан сақтайды.

Вакцинацияның маңызын елордадағы құрылыс компанияларының өкілдерімен де талқыладық. Биыл жұмыс көп. Қолжетімді тұрғын үй құрылысының көлемі, оқу орындардың, әлеуметтік нысандардың құрылысы және т.б. артпақ. Алайда ұжымдық иммунитет қалыптаспаса, құрылыс жұмыстары тоқтатылады. Вакцинация арқылы ғана ұжымдық иммунитетті дамыта аламыз», — деп жазды елорда әкімі.