Ботаникалық бақта кеміргіштерді жою жұмыстары жүргізіліп жатыр

Ботаникалық бақта кеміргіштерді жою жұмыстары жүргізіліп жатыр

Нұр-Сұлтан қаласының «Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» ММ «AG Disinfection services» ЖШС-мен бірлесіп, елорданың ботаникалық бағында дератизациялық іс-шараларды өткізу бойынша көктемгі турды бастады. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Дератизациялық іс-шаралар 2021 жылдың 17 сәуірінен басталды. Биыл жауған қалың қар кеміргіштердің даму циклінің жақсаруына ықпал етті.

Қазіргі уақытта кеміргіштермен өте қарқынды күрес жүргізілуде. Ботаникалық бақты өңдеуге 50 маман тартылды. Бақ 100 га аумақты алып жатыр, оның ішінде жасыл массив 63 га құрайды. Өңдеу улы препаратты табиғи паналарға (індерге) 1 гектарға шамамен 4 кг затты (50-100 грамнан 20-40 порция) салу арқылы жүзеге асырылады. Саябақта шамамен 90 000 ағаш өседі. Әр маман күніне 180 ағашты өңдейді. Ал өңдеудің әсері 10 күннен кейін күтіледі.

Сақтық шаралары туралы да ұмытпау керек, егер саябаққа келушілер «Мұқият! Уланған» деп жазылған түрінде көрсе оларды ұстауға тыйым салынады.

Дератизация елімізде қолдануға рұқсат етілген Бромадиолон препаратын қамтитын дән түріндегі улы препараттар мен парафинді брикеттерді (Бром БД препараты) пайдалана отырып жүргізіледі.