Нұр-Сұлтанда «Алтын қол шебері» балалар шығармашылық байқауы өтті

Нұр-Сұлтанда «Алтын қол шебері» балалар шығармашылық байқауы өтті

2020 жылдың 2-28 желтоқсан аралығында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 2 арнайы мектеп» КММ аясында алты номинация бойынша арнайы мектептердің 4-7 сынып, инклюзия сынып, жалпы білім беретін мектептердің арнайы сынып оқушыларына арналған ХІІІ «Алтын қол шебері» қалалық балалар шығармашылық байқауы өтті. Байқаудың мақсаты ерекше білімге қажеттілігі бар оқушыларды әлеуметтендіруге ықпал ету болды.

2-22 желтоқсан аралығында қаламыздың 39 мектебінен 109 өтінім қабылданды. 22-25 желтоқсан аралығында жұмыстың бейнематериалдарын қазылар алқасы қарады. Барлық жұмыстар жеңіске лайық болды. 28 желтоқсанда жеңімпаздарға дипломдар, кубоктар, бағалы сыйлықтар салтанатты түрде табысталды: 1 орын – «Мечта» СО сертификат (30 000 теңге), 2 орын – «Мечта» СО сертификат (20 000 теңге), 3 орын – «Детский мир» СО сертификат (20 000 теңге), қазылар алқасы атынан - «Мечта» СО сертификат (10 000 теңге) және олардың жетекшілеріне мадақтама.

Байқаудың ұйымдастырушылары - Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы және Нұр-Сұлтан қаласының «Әділет» білім беру ұйымдары қызметкерлерінің кәсіподағы.

Іс-шара барлық санитария нормаларын сақтай отырып өткізілді.