Цифрлы денсаулық сақтауды дамыту бойынша үздік жобаға байқау жарияланды

Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Мемлекет басшысы бастамашылық еткен «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын іске асыруға, сондай-ақ отандық медицинаны цифрлы технологиялармен қолдауды ұсынады. Әрбір қатысушы үшін өз жобасы туралы мәлімдеу және электрондық денсаулық сақтауды дамытуға өз үлесін қосу мүмкіндігі пайда болады.
«Барлық ұсынылған жобаларды Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының комиссиясы қарайтын болады. Өтінім үлгісін сілтемесі бойынша жүктеп алуға болады», – делінген хабарламада.
Өтінімдер 2020 жылдың 20 қарашасынан 30 желтоқсанға дейін қабылданады. Анықтама телефоны: +7 705 800 13 41.
Қызмет бағыты